Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі – данышпан, ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы. Абай Құнанбайұлы – қазақтың бас ақыны. Абайдан асқан бұрын-соңды қазақ даласында біз білетін ақын болған емес. Абайдың көз жетпес көкжиектей кең, теңіздей терең ойларын, алтындай асыл, қорғасындай салмақты сөздерін әрбір қазақ баласы, халқымыз оқып, санамен , жүрекпен қабылдап, өмірде бағдаршамдай пайдалану керектігін сезінуі керек. Абайдың өз заманында айтқан ой толғанысы қазіргі заманмен үндесіп тұруы халқының, бүгінгі ұрпақтың болашағын ойлаған кемеңгер көреген ойшыл екендігінде.
Биылғы жылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы тойлануда. Ол әр жерде әртүрлі формамен жүргізілуде. Біздің мектебіміз де, қазіргі елімізде болып жатқан төтенше жағдайды еске ала отырып, қашықтан оқи отырып, атамыздың мерейтойына өз үлестерін қосып отыр. Мектептің оқушылары аудандық,облыстық Абай оқуларының челенджіне қатысуда. 8-сынып оқушылары Ұлан Ақбота, Рамазан Мадина, 10-сынып оқушысы Қуанышбаева Айнагулдер атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін оқып челенджге қатысып жүр. Қай жерде де қалай тойласақ та, қанша өлең жырларымызды арнасақ та аз деп ойлаймын. Абайды оқып үйрену, нақыл сөздері мен қара сөздерін оқып үйренудің өте қажет екендігін айта кеткім келеді.
Әр сөзінде терең мән-мағына бар, Абай сөздері ешқашан өлмек емес. Өлмейтұғын артына із қалдырған, деп төрелігін өзі шешкен Абай, бүгін бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Байдиллаева П.К.