«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық – менің болашағымның таңдауы

Тақырыбы: «Мамандық – менің болашағымның таңдауы»
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз - өзін тану аймағын кеңейту, кез - келген кедергіден шыға білу мақсатында жүргізіледі.
Барысы.
1.Кіріспе сөз(тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)
Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау - тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан - дүниеңе үңілу...»
Психолог: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Көңіл күйлеріңіз қалай?
Біздің бүгінгі тренингіміздің тақырыбы:
«Мамандық – менің болашағымның таңдауы».
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп айт. Жақын арада әр қайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін тренингімізде біздер осы маңызды тақырыптарға тоқталайықшы. Сіздерге сұрақ, мамандық дегеніміз не?, мамандыққа кішкене ой пікір тастап жіберіңіздерші. Сонымен мамандық дегеніміз – кәсіптің түрлері. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен көрдіңіздер ме балалар.
Сіздерді тренинг ережелерімен таныстырып өтейін.
Тренинг ережесі:
- бір - бірін тыңдау
- уақыт үнемдеу
- белсенділік таныту
- достық қарым - қатынас.
Жоспар:
- Жақсы тілек.
- Мамандықты тап (ойын)
- Жағдаяттық сұрақтар.
- Менің болашақ мамандығым.
- Ең - ең... (ойын)
- Ақ тілек. (жаттығу)
- Бос микрофон
Тренингіміздің
1 - ші жаттығу « Жақсы тілек». Адамға жақсы тілеу тілесең әр қашан жолың ашық болады. Сонымен балалар жаттығуымызды жақсы тілектен бастайық.
Міне осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері осы отырған бәрімізге жақсы көңіл - күй сыйлады. Енді осы көңіл – күймен мен сіздерге хат қалта таратамын, соның ішінде номерлеген қағаздар жазылады кімге қандай номер келеді, сол бойынша мұғалімнің айтқан орынына барып отырады. Енді жаттығуымызды жалғастырамыз.
2. жаттығу.«Жағдаяттық сұрақтар». Енді сіздер жаңа өмірге қадам басып жоғарғы оқу орнына түсесіздер, сол кезде сіздер көптеген жағдаятқа кездесесіздер, сол жағдаятты қалай шешесіздер.
Жағдаяттық сұрақтар.(уақыты 5мин).
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата - анаң қарсы.
Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата - анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады.
сен ата - анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын ашып бер?
Сенің арманыңның орындалуына қандай да, бір кедергі келіп тұр қандай шешім қабылдайсың?
4. Айжан мектепте жақсы оқыды, мектеп бітіргеннен кейін заңгер мамандығын таңдады, бірақта оқуғ түсе алмады. Ал құрбысы Алма мектепте орташа деңгейде оқыды да заңгер маманына түсіп кетті.
Сіз бұған не айтасыз?
5.
3. жаттығу.«Бұл кім» кәсіби бағдар ойыны.
Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.
Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, программист, эколог, заңгер..
Мақсаты: Ата - анама, ұстазыма, сыныптастарыма деген жақсы тілектеріңіз бен жылы лебіздеріңізді білдіру.
8жаттығу. «Бос микрофон»
бүгінгі тренингте қандай әсер алғандарын, жылы лебіздерін білдіру.
Қорытынды: Әбунасыр әл Фараби «... адам кез - келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.
Қөңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет
ҰБТ - ны жақсы тапсырып, жолдарыңыз әрқашанда ашық болсын!

Сейдахметова Р.К

Жаңартылған күні: 19.05.2020 08:53
Құрылған күні: 25.11.2020 15:51

Текст