«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы

    Қазақстан Республикасының білім жүйесін жаңартудың басты міндеті - саналы біліммен қамтамасыз ету, білім беру жүйесінің барлық компоненттеріне жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің болашақ талабымен сәйкестендіру болып табылады.

Қоғамға да, өзіне де пайдалы еңбек ету, адамның қалыпты және жақсы өмір сүруіне жағдай жасайды. Осы мәселені шешу үшін жастар есейе бастаған кезден мамандықты саналы таңдайды.

Мамандық- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін білім мен практикалық дағды жиынтығы. Мамандық таңдау- күрделі процесс. Бұл процесте адам өзінің жолын қателеспей дұрыс табуы үшін ойланады, пікірлеседі. Мамандық таңдау- жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Ал, бүгінгі күні сан-алуан мамандықтың түрі бар. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандақтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Барлық мамандық адам үшін пайдалы, қажетті. Әрқайсысының өз орны, өз міндеті бар. Мамандықтың жаманы жоқ. Қарапайым кәсіптен бастап, күрделі инженерлік мамандықтарға дейін адамдар үшін қажетті. Қажетсіз мамандық болмайды және де әр мамандық адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін өтейді, олардың дұрыс, қалыпты өмір сүруіне жағдайлар туғызады. Осы орайда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Ж.Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де жақсы ақыл-кеңестер алуына болады. Автор «мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Қандай жұмыс болса да, оған жауапкершілікпен қарау керек және оны құрметтей білу қажет. Әр істің өзіндік қиындығы мен қызығы болады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс уақытында бұл негізгі өмір талабы болып табылады. Тәжірибелік кәсіби бейімделудің қазіргі таңдағы жағдайы, оның ауқымын кеңейту қажеттілігінде ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өзін-өзі кәсіптік және жеке анықтауда көмек көрсету деңгейін сапалы көтерумен де сипатталады.

Бүгінгі маман қандай болуы қажет?

Бұл сұрақ көптен бері жастар арасында кеңінен талқыланып келеді. Нағыз маман- өз ісін жетік білетін және өз мамандығына байланысты жан-жақты дамыған адам болуы керек. Міне, сонда ғана ол өзіне және өзін қоршаған адамдарға қуаныш әкеледі. Ал, мамандық таңдау ісінде ата-аналардың ролі қандай? Өз баласына болашақта лайықты азамат болуына мүмкіндік жасайтын сапалы білім беру әр ата-ананың арманы екені даусыз. Олардың міндеті- жастарға бағыт-бағдар беріп, балаларының ойларын біліп, тиісті ақыл-кеңесін айту. Мамандық таңдау кей жағдайда баланың жанұялық жағдайына, денсаулығына байланысты да болады. Ата-аналар балаларының болашақ мамандығы жөнінде ертерек ойлағаны жөн. Ертерек ойланып, белгілі бір мамандыққа баланы жастай баулыса, ол баланың еңбекке көзқарасын қалыптастырып, бейімділігін арттырады. Егер ата-ана мен баланың және мұғалім, тәрбиешінің оқушының болашақ мамандығы туралы пікірлері үйлессе, онда мамандық таңдаушы қателеспеген болар еді.

Р. К. Сейдахметова

Жаңартылған күні: 19.05.2020 08:48
Құрылған күні: 25.11.2020 15:51

Текст