Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Өткен орны: Қашықтықтан онлайн түрінде (ватсап, ZOOM) өтті.
Қатысқаны: - 14
Себепті: - 4
Күні: 02.05.2020 ж.
I. Қашықтықтан сыныптың ата-аналар жиналысын өткізу
Тақырып: «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?».
Мақсаты: 11 сынып ата-аналарын коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде әр мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ақпараттандыру.
Ата-аналар жиналысының міндеттері:
Білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне)
- әрбір нақты мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін;
- балаларды қашықтықтан оқыту процесінде қажет болуы мүмкін әртүрлі практикалық және теориялық білім мен біліктерді;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру.
Ата-аналар жиналысының құрылымы:
I. Кіріспе бөлім – 3 мин.
- ата-аналар жиналысының тақырыбы, мақсаты, міндеттері айтылады.
II. Негізгі бөлім – 20 мин.
11 сынып жетекшісі Сейдахметова Роза Крикбаевна ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді баяндады. Ең бастысы – ата-аналарға сыныптағы оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы айтып түсіндірілді.
1) Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы;
Біздің мектептің қолда бар ресурстарын ескере отырып, ата-аналарды оқыту процесінің қалай ұйымдастырылатыны жөнінде нақты хабардар ету:
- телесабақтар, көргеннен кейін білім алушылармен кері байланыс жасау.
-Қазақ радиосына, Классик радиосына арналған теле-сабақтардың аудио нұсқалары, тыңдағаннан кейін білім алушылармен кері байланыс жасау;
-интернет-платформаларды (қандай платформа), СБР (сандық білім беру ресурстары) және т.б. қолдана отырып сабақтар жүргізу;
- интернет болмаған жағдайда әрбір оқушы үшін жеке жоспар негізіндегі сабақтар (өз бетімен оқу және орындау тапсырмалары бар қысқа сабақ конспектісі);
Басқа елді мекендерден тасымалдау жағдайында білім алатын балалар үшін жеке жоспарлар бір аптаға әзірленіп, арнайы топ құрылып жіберіледі. Басқа байланыс түрлерінің қолжетімділігі болмаған жағдайда мұғалім білім алушылардан орындалған тапсырмаларды осындай режимде алады.
2) Қашықтықтан оқыту (ҚО) бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған ұсынымдармен танысу.
ҚО-ны іске асыру үшін ата-аналарға:
- баланың тәртібін, ұйымшылдығын, уәждемесін;
- мұғалім ұсынған форматтағы қашықтықтан оқытуға баланы уақытылы қосуды;
- оқу материалдарын өз бетімен оқуды және тапсырмаларды орындауды;
- мұғаліммен байланысуын, кері байланыс алуын;
- бала өзінің логині мен паролі бойынша электрондық журналдар жүйесіндегі жеке кабинетіне кіре алуын, тапсырмаларды жүктей алуын, содан кейін орындалған үй жұмысын жүктей алуын (болған жағдайда);
- оқу орнын ұйымдастыруды (бұл сабаққа арнайы бөлінген орын болуы керек);
- тапсырмаларды орындау және мұғалімге кез келген қолжетімді мессенджерден тексеруге жіберу (өз бетінше тапсырмаларды орындау кезінде қолдан келген көмекті көрсетуге болады: сұрақтарға ауызша жауаптарды тексеру, оқыған мәтінді тыңдау, мәтінді айтып жаздыру және т. б.) күн сайын қадағалау ұсынылады.
3) Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу кеңістігін құруға қойылатын кейбір маңызды талаптар:
1. Жабдықталған жұмыс үстелі табиғи жарық көзінен алыс болмауы тиіс.
2. Жұмыс үстелі тек қана компьютерді ғана емес, сонымен қатар перифериялық құрылғыларды, сондай-ақ қауіпсіз және тұрақты жағдайда арнайы және оқу жабдықтарын орнатуға болатын үстіңгі тақтайы бар жеке үстел болғаны дұрыс.
3. Оқу жабдығы бар жұмыс орны, егер үйде кішкентай балалар болса, олардың бақылаусыз қолжетімділігінен қорғалуы тиіс.
4. Барлық техникалық және өзге де құралдар бір-біріне жақын жерде, баладан қол созым қашықтықта орналасуы тиіс.
5. Жарықтандыру үшін қарапайым шамдарды қолдану керек.
6.Балаңыздың оқу орнын оны пайдаланбаған уақытта компьютерлік жабдықты алып тастауға болатындай етіп ұйымдастырсаңыз дұрыс болады.
4) Күн тәртібі туралы.
Білім алушылардың үйде болуын нәтижелі ету үшін ата-аналарға жағымды отбасылық және өзіндік белсенділікке ықпал ету қажет: үйді бірлесіп жинау, бүкіл отбасыға арналған дене шынықтыру, спорттық жаттығулар, қызықты фильмдер көру, виртуалды мұражайлар мен театрларды тамашалау, кітаптар оқу және т.б. Балалардың жеке гигиена ережелерін сақтауын міндетті түрде қадағалау қажет.
5) Ата-аналар (заңды өкілдер):
- балаларды үйде оқытуды ұйымдастырғаны үшін;
- компьютер мен Интернетті қауіпсіз пайдалану бойынша ұсынымдардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін;
- баланың оқу тапсырмаларын орындауын бақылауды қамтамасыз ету үшін жауапты.
ІII. Қорытынды бөлім – 7 мин.
Қорытынды шығарылды, сұрақтарға жауап алыңды.
Шешім:
1. Біздің мектепте қашықтықтан оқыту электрондық журналдың форумдары мен Kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz күнделіктер жүйелері, Whatsapp арқылы жүйелі түрде қашықтықтан оқытуға қабылдады. Әр оқушының ата-аналарына түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.
Сынып жетекшісі: Сейдахметова Р. К.