Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ-нің
тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі
2020-2021 оқу жылы
«Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ-нде білім күніне арналған сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, салауатты салт дәсүрлерін сақтауға қалыптастыру. Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде «Қауіпсіз мектеп» акция аясында ата-аналар мен оқушылармен онлайн жиналыстар өткізіліп, мектеп жарғысымен, ішкі тәртіппен таныстырылды. Сонымен қатар оқушыларды негативті ақпараттың әсерінен қорғау мақсатында интернеттегі рұқсат етілмеген сайттар мен ресурстарға қолжетімділігін қысқарту, ұялы телефонның бала денсаулығына кері әсері, ұялы телефондарды заманауи қоғамда пайдалану мәдениетін қалыптастыру туралы талқылау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, оқушылар мен ата-аналар арасында бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау жөнінде әңгімелер жүргізіліп, жадынама таратылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға балалардың қатаң түрде күн тәртібін сақтауға нұсқаулық берілді. Сондай-ақ, кәмелет жасына толмағандар 22.00-ден кейін заңды өкілсіз көшеде жүретін болса, ата-аналар жауапкершілікке тартылатыны жайлы ескерілді.
14-қыркүйек күні 11- сыныпта «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Жасөспірімге ішімдік, темекі шегу проблемаларын сезінуне көмектесу және қорғаныс дағдысын өндіру.
Оқушылар төрт топқа бөлініп, келесі сұрақтар төңірегін белсенді жұмыс атқарды: 1.Ішімдіктің себептері.
2.Ішімдіктін салдары.
3.Ішімдіктен қорғану жолдары.
4.Ішімдіктен
1.Темекі шегудің себептері.
2.Темекі шегудің салдары.
3.Темекі шегуден қорғану.
4.Темекі шегуден құтылу.
16-қыркүйек күні 8-сыныпта «Салауатты өмір салты – ғасыр ұраны» сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: темекі шегі, ішімдікті пайдаланудан сақтандыру, қоғамдағы өзекті мәселенің бірі темекі туралы, оның құрамы, адам ағзасына тигізер зияны туралы дерек келтіре отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға, темекіге үйір болмауға тәрбиелеу. Түрі: жарыс сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, талдау
Көрнекілігі: слайд, темекі туралы бейнетаспа, интербелсенді тақта.
Сабақ барысы:
I кезең. Сәлемдесу
II кезең. Бәйге. Сұрақтар қою
ІІІ кезең «Көкпар тарту» Мақал-мәтел жарысы.
IV кезең: «Уланбасын өмірің» көрініс қою.
V кезең. «Тығырықтан шығу»
VI кезең. Жалғасын тап
Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, ойларын ашық айтып, қорытынды жасай алды.
5-қазан күні директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Омарова А.Б. және Тапаева А.К. «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында барлық әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтай отырып, дәріс өткізді. Мақсаты: қыз балаларға ерье жүктіліктің алдын алу шаралары, маңызы, салдары туралы түсіндіру, ерте жүктіліктің алдын алу.
1-7 сыныптар арасында қарттар күніне арналған онлайн сынып сағаттары өткізілді. Мектептің кәсіподақ мүшелері атынан ардагер ұстаздарға: Омаров Ж.К., Усембаева М.Ж., Оразбаева Б.М., Байдиллаева П.Қ., Суменова Н.К. 5000 теңгеден ұсынылды.
8-11 сынып оқушылары арасында әлеуметтік ортасын (отбасы, әлеуметтік ортасы және қызығушылығы диагностикалау және отбасын анықтау) мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамада мынадай сұрақтарды қамтыды:
Мектеп саған ұнай ма? Отбасың туралы не айтар едің?
Достарың көп пе? Достарыңмен жиі сөйлесіп тұрасың ба? Мектепке деген көзқарасың қандай?
Сауалнама қорытындысы жасалатын қорытынды: мектеп оқушыларына оқып жатқан мектептері 100% ұнайды екен. Отбасы туралы 100% баяндады, Достарың көп пе? Деген сұраққа 80 % - көп, 20% - аз деп жауап берді. Мектепке деген көқарасың қандай деген сұраққа 100% жақсы деп жауап берді.
8-сынып оқушылармен мектептің әлеуметтік педагогы Байдиллаева П.Қ. «Құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары» тақырыбында сұхбат өткізді. Мақсаты: білім алушылардың арасында насихаттау жұмыстарын жоғары деңгейде өткізу.
Байдиллаева П.Қ. жыныстық тиіспеушілік туралы 8-сынып қыздарымен ашық сұхбат жүргізді. Оларға қыз баланың өзін-өзі ұстауы, қалай тұрып-жүру, тазалық жайлы айтылды. Қорытынды ретінде көрініс көрсетілді.
6-сыныпта «Менің отбасым-менің бақытым» атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: отбасы құндылықтарды дәріптеу, құқық бұзушылықты алдын алу.
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шаралар аясында мектеп психологы «Бала зорлығы – қоғам қасіреті» тақырыбында бейнетүсірілімдер көрсетті. Мақсаты: азіргі кездегі балалар және үлкендердің де отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеу. Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/CIkRe0VFuv8/?igshid=1ajb891teg6il
23-қараша күні «Туберкулез ауруын алдын алу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру,жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру
ә) Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету.
б)Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру.
Оқушылар белсенді қатысып, білімдерін толықтырды.
«Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ-нде «Нұршуақ» отбасы клубы ашылды. Мақсаты: Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып жас отбасыларды бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлік татулық пен ұйымшылдықты нығайту. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге отбасының бірлігін сақтап, әрдәйім жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу. Клуб құрамына үздік 13 отбасы кірді. Жектекші болып Омарова А.Б. мен Тапаева А.К. бекітілді
Мектебімізде 25-қараша күні 1-11 сыныптар арасында Тұңғыш Президент күні аясында деректі фильмдер көрсетіліп, мемлекетіміздің тарихына шолу жасалды.
Мақсаты: өскелең ұрпақ бойына ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру; туған жеріне, еліне, тарихына деген сезімдерін нығайту.
Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде қысқы жұмыс жоспары бойынша қаңтардың 03.01 – 08.01 аралығында онлайн форматында мектепішілк іс-шаралар өткізілді.
03.01.2021ж. мектеп психологы Тапаева Айнұр Қайроллақызының қатысуымен 8-11 сынып аралығында «Стресспен қалай күресуге болады?» тақырыбында онлайн тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушыларға «Өз - өзіңізді бақылай аласыз ба?» тесті ұсынылып, стресспен күресудің жолдары түсіндірілді.
04.01.2021ж. 5-8 сынып аралығында «Қазіргі заманның ақындары» тақырыбында ағартушылық сағат жүргізілді. Оқушыларға Қалқаман Айымғазыұлы Сарин, Темірбай Алмас Қажыбайұлы тәріздес заманауи ақындарымыздың өмір жолдарынан үзінді, шығармашылық туындылары баян етілді.
05.01.2021ж. мектеп психологы Тапаева Айнұр Қайроллақызының қатысуымен 1-4 сынып аралығында «Сенімділік күш береді» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Тренинг барысында оқушылар арасында сенімділікті нығайту мақсатында жаттығулар ұсынылды.
6 қаңтар күні мектеп оқушыларына Zoom программасы арқылы "Ұлттық ұлан - елі мен халқына қорған!" әскери-патриоттық сағаты өткізілді. Бұл сағаттың басты мақсаты - оқушыларға әскери патриоттық сезімді ояту, Ұлттық ұлан Қазақстан Республикасында маңызды орын алатынын көрсету. Барысы: оқушыларға ҚР Ұлттық ұлан символикасы көрсетілді, слайд арқылы тарихы, міндеттері айтылды, сарбаздардың қызметі мен олардың күнделікті өмірі жайлы баяндалды. Ер балалар осы әскери құрылымға ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар Қуандықов Самат болашақта Ұлттық Ұлан қатарында қызмет ету мақсаты бар екенін білдірді.
7-ші қаңтар күні 1-4 сынып аралығында «Жаңа жылды қарсы алу дәстүрлері» атты танымдық сағаттары өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларына әр елдің Жаңа жылды қарсы алу салт-дәстүрлері туралы қызықты мағлұматтар айтылды.
Қаңтардың 8-і күні ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай мектебіміздің «ЖасART» театр ұжымы «Абай» қойылымын ұсынып отыр. Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
18-қаңтар күні 2«А» сынып оқушысы Асан Шырайлым «Менің сүйікті үй жануарым» атты бейнетүсірілім жасап, аудандық білім беру бөліміне жіберілді.
18-қаңтар күні ZOOM формасында директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары арасында аудандық отырыс өткізілді.
20-наурыз күні «Даналық пен білім күні» тақырыбында 5-7 сыныптар аралығында «Наурыз мерекесі туралы не білеміз?» атты викторина өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, Наурыз мейрамының шығу тарихы жайлы ақпаратқа жоғары қызығушылық танытты.
Наурыздың 21 күні мектебіміздің 10 сынып оқушысы Касымбекова Дильназ «Ұлттық тағамдар күні» тақырыбында «Бауырсақ-PARTY» атты қазақ ұлттық тағамдарын дайындау бойынша мектеп оқушыларына қашықтықтан мастер-класс жүргізді.
Мектебімізде наурыздың 23 күні «Ата дәстүр - асыл қазына» тақырыбында тұсау кесу салт-дәстүрі бейнетүсірілім түрінде ұсынылды.
24.03 күні мектеп алды даярлық тобы «Табиғат күні» тақырыбында «Экологиялық калейдоскоп» атты конкурстық-ойын бағдарламасын өткізді.
Оқушылар ойынға белсене қатысып, қызықты сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.
25.03 күні мектебімізде «Спорттық белсенділік күні» тақырыбында салауатты өмір салтының негіздерін насихаттау мақсатында «Ұлттық ойын-ұлт игілігі» атты 5-8 сыныптар арасында «Ханталапай», «Бес асық» ойындары және «Қазақ барысы-2021» турнирі өткізілді.
Наурыздың 26 күні мектеп кітапханасында «Оқу және жазу мәдениеті күні» тақырыбында оқушылар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында «Каникулдық оқуды шақыру» акциясы жүргізілді.
27.03 күні мектеп оқушыларына онлайн форматта «Кино күні - кино сүйер қауымға арналған Кинозал» тақырыбында «Сіз білесіз бе?» атты қысқаша бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик көру барысында оқушылар басқа да қызықты фактілермен бөлісе отырып, өз ойларын ортаға салды.
28.03 күні мектебімізде «Шығармашылық өнертабыстар күні» тақырыбында «Біз жасаймыз, ойлап табамыз, ойлап табамыз» атты технологиялық инновациялық роботехника мастер классы өткізілді.
Мектеп оқушылары робот жинау барысында қызығушылық танытып, заманауи роботехника ғылымын игеруге ниеттерін білдірді.
29.03 күні «Мұражай тарихы күні» тақырыбында мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы ақпарат бейне-экскурсия түрінде ұсынылды.
30.03 күні мектебімізде «Ата-анасымен бірге отбасылық қонақ бөлмесі» тақырыбында Омаровтар әулеті «Біз үйде ойнаймыз» атты отбасындағы үстел ойындарын жүзеге асырды.
Үстел ойындарының басты мақсаты: мектеп оқушыларының сыни ой тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту; отбасылық құндылықтарды насихаттау.
2020-2021 оқу жылыныңжетістіктері
№ |
Оқушылардың аты-жөні |
Фестиваль, слет, сайыстардың атауы |
Деңгейі |
Қатысу нәтижесі |
1 |
Асылкулова Кымбат |
Экологиялық олимпиада |
Республикалық |
3-орын |
2 |
Ибрашева Жасмина |
Экологиялық олимпиада |
Республикалық |
3-орын |
3 |
Турдахун Алижан |
«Ең үздік қол өнер» сайысы |
Республикалық |
1-орын |
4 |
Көшербай Әдемай |
«Ең үздік қол өнер» сайысы |
Республикалық |
1-орын |
5 |
Жабагина Жанна |
«Ең үздік қол өнер» сайысы |
Республикалық |
1-орын |
6 |
Амангелді Асқар |
«Ең үздік қол өнер» сайысы |
Республикалық |
1-орын |
7 |
Абсамет Гауһар |
«Ең үздік қол өнер» сайысы |
Республикалық |
1-орын |
8 |
Мырзағали Ернар |
«Ең үздік қол өнер» сайысы |
Республикалық |
1-орын |
9 |
Сейткалиева Айым |
«Ең үздік қол өнер» сайысы |
Республикалық |
1-орын |
10 |
Қасқырбаева Даяна |
«Ең үздік қол өнер» сайысы |
Республикалық |
1-орын |
11 |
Аубакирова Зауре |
«Ең үздік қол өнер» сайысы |
Республикалық |
1-орын |
12 |
Бекболат Шұғыла |
«Ең үздік қол өнер» сайысы |
Республикалық |
1-орын |
13 |
Рамазан Мадина, Ұлан Ақбота |
«Қазақ тілі - бабамның тілі, баламның тілі» онлайн байқау |
Облыстық |
Алғыс хат |
14 |
Амангелды Әділжан, Ибрашева Жасмина |
«Театрдың ғажайып әлемі» |
Аудандық |
1-орын |
15 |
Нұрлан Гүлнұр |
«Бір шаңырақ астында» фестивалі |
Аудандық |
3-орын |
16 |
Асылкулова Мадина |
«М.Мақатаев оқулары» |
Аудандық |
1-орын |
17 |
Асылкулова Мадина |
«М.Мақатаев оқулары» |
Облыстық |
4-орын |
18 |
Жакен Аннұр |
«Қазақ елім – мақтанышым» жас тарихшылар мен өлкетанушылар форумы
|
Аудандық |
1-орын |
19 |
Жуматаев Бахтияр |
Махамбет оқулары |
Аудандық |
3-орын |
20 |
Қажымуратова Асем |
Абай оқулары |
Аудандық |
3-орын |
21 |
Касымбекова Дильназ, Нұрлан Гүлнұр |
Дебат сайысы |
Аудандық |
3-орын |
22 |
Куанышбаева Нұрай |
«Жыл отбасы – 2020» |
Аудандық |
2-орын |
23 |
Рамазан Мәдина |
«Уақыт – байланыстырушы желі» |
Облыстық |
3-орын |
24 |
Кайнеденова Назира |
Жолда жүру ережелері |
Аудандық |
2-орын |
Мектеп директоры Г.Ж. Мейрамова