«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ

18.01.2021

    Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа жақсы тәрбие мен білім беру үлкен мәселе болып отыр. Өзінің елінің халқын, өзінің елін, өз Отанын сүйетін нағыз ұлтжанды нағыз азамат тәрбиелеуде ең бірінші ата-ананың рөлі ерекше орын алады. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік,үлкенді құрметтеу, ұяңдық, пәктік сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді.

Жаңадан туылған сәбидің миы тап-таза қағаз секілді тап-таза болады. Оған айналасындағы адамдар қалай әсер етсе, бала миы, санасы солай қалыптасатынын әрқашан жадымызда ұстауымыз қажет. Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс. Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынас, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге.

Осы орайда баланың ата-ананың өзара тату-тәтті  сыйластығы, мейірбандық пен ыстық ықыласы, сөйлеген сөздері бәрі-бәрі балаға ерекше әсер етеді. Отбасындағы ұрыс-керіс, орынсыз жанжал, балағат сөздер баланы жақсы әдетке тәрбиелейді. Өйткені бала іштей тынып, не істерін білмейді. Өз ата-анасының оғаштау мінезі балалардың дөрекі, тілазар, қатыгез, өзімшіл болып өсуіне әсер етеді.

    Жас ұрпағымыз, өзіміздің келешегіміз кішкентай ғана сәбидің нағыз азамат болуына ықпалды ортаның бірі жолдас-жорасы, достық қарым-қатынастары, мінез-құлықтарын білгені жөн. Олардың өзара қарым-қатынасына құрметпен қарауы керек. Ата-ананың себепсіз ренжіп, қабақ шытып, осы балаларды неге ертіп келесің, басқа достар табылмады ма? … дегендей сөйлеуі дұрыс емес. Мұндай көзқарас баланың намысына тиеді, қатты мазалайды.

Сонымен қатар бала өмір сүріп отырған өзінің үйінің ішіндегі әрбір заттың өз орнында тұруы да аса маңызды. Себебі үй ішіндегі заттар, бұйымдар шашылып жатса, ата-ана қарамаса баланың мінезі де алқын-жұлқын тартып, бойынан сабыр кетеді. Баланың сабаққа тыңғылықты әзірленуде тиісті жағдай жасау ата-ананың тікелей міндетті. Ықыласымен  оқымайтын баладан нашар оқушы шығады.

   ынтасы төмен оқушылардың көбісі өзінің ата-анасының бақылауынан тыс қалған балалар. Себебі ата-ана жұмысты желеу етіп мектеппен еш байланыс жасамайды. Тіпті баласының сынып жетекшісінің кім екенін білмейтін ата-анада баршылық. Мұндай ата-аналардың балалары оқуға селсоқ қарайды, тәртібі нашар, жауапкершілікті сезінбейді. Үй тапсырмасын дұрыс орындамайды, жиі-жиі сабақ қалдырады. Әрине осындай бақылаусыз қалған бала сапалы білім, сапалы азамат, өнегелі тәрбие алмайтыны белгілі.

Баланың тәрбиешісі, ол-қоғамның талабына сай белгілі бір топтағы оқу-тәрбие процесін ұйыдастырушы басты тұлға. Ол бүлдіршіндердің таным әрекетін ұйымдастырып, олардың әлеуметтену процесін қалыптастырады, болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделу, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, топтағы жағымды көңіл-күй жағдайын жүзеге асыру.

Баланың тәрбиешісінің міндеті сан алуан. Соның ішінде негізі міндетті қоғамның талабына сай азамат тәрбиелеу. Ол үшін, оның тұлғасын қалыптастыру: сапалы, белсенді, ізгіленген, іскер, отаншыл. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру үшін:

  • Педагогикалық білім деңгейінің сапасы жоғары;
  • Педагогтың шеберлігі;
  • Балабақшаның тәрбиешілер ұжымы мен ата-аналар  және жұртшылықты  бала тәрбиесіне тарта білу қабілетін игеруі;
  • Идеялық сенімі айқындалған;
  • Тәрбие саласында теориялық және практикалық таныстығы жоғары;
  • Төзімділігі, шыншылдығы.

 

   А.С Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді өнер деп бағалаған. В.А Сухомлинскийдің тілшімен айтқанда: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін».

Себебі жанұя мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын бірігіп анықтайды және құрады. Сондықтан да педагогикалық әрекетте  сынып жетекшісінің  бала тәрбиесіндегі міндеттерінің көлемінің сан алуандығына байланысты ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы ерекше. Соған қарамастан бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жасады: ата-аналар жиналысы, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасында болу.т.б.

    Сондықтан да ата-аналар баларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп қарауы тиіс. Оқу тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулері тиіс.

Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын  басты тұлға-мектептегі сынып жетекшісі.

Білім беру жүйесінде жаңа  сипаттағы оқу орындарының пайда болуы, гимназия, лицей.т.б. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауында. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:

 

  • Пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
  • тәрбиеші, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
  • тәрбиеші, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;

 

    Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.

Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда бала тәрбиешісінің қызметі балалардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, топ және балабақша ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отыра, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.

Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында балабақшада, балалар мен тәрбиешілерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуы керек. Дегенмен, бала тәрбиешісінің қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара басты үш қызметті орындайды: Әр бағытта топтағы балалардың әректетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қомқорлық жасау, топта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.

Сынып жетекшісі – тұлғаның жан-жақты қалыптасуына жан-жақты үлес қосатын адам. Әрбір тұлғаның ішкі жан дүниесін жіті сезіне отырып, іс-әрекетін бақылап түсіну арқылы қоғамда өз орнын таба білетін  азаматты тәрбиелеу.

Негізінен сынып жетекшісі жан-жақты болу керек. Мәселен, мәдениетті, еңбекқор, балаларды жақсы көретін, оқушының жан дүниесін түсінетін, керек кезінде қасынан табылатын жан. Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ болғандықтан, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» демекші, ата-аналар мен сынып жетекшісілері арасында бірін-бірі түсінушілік, сыйластық және үнемі тығыз қарым-қатынас болу қажет.

    Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе.

Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.

Ата – ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ.

Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.

Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

   Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала – әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Өз балаңызды ол басқаларға ұқсамайтындығы үшін аямаңыз.

Балаңызға махаббатыңыз бен зейініңізді силаңыз, алайда жанұяның басқа да мүшелерін ұмытпаңыздар. Қандай жағдай болмасын өз балаңыз туралы жағымды  түсісінікте болыңыз. Балаңызды міндеттер мен мәселелерден алшақтатпаңыз. Барлық мәселелерді бірге шешіңіздер.

Әрекеттер мен мәселелерді шешуде бала дербестігін дамытыңыз. Өзіңіздің сыртқы келбетіңіз бен әрекет қылықтарыңызды қадағалаңыз. Бала сізді мақтан тұту керек. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз.

Есіңізде болсын, теледидар да, радио да сіздің орныңызды баса алмайды. Балаңыздың құрдастарымен қарым-қатынасын шектемеңіз. Баласы бар отбасылармен араласыңыздар. Өз тәжірибелеріңізбен алмасыңыздар. Балаларыңыз өсіп, жеке өмір сүретін кез келетіні естеріңізде болсын. Оны болашақ өмірге дайындаңыздар, ол туралы әңгімелесіңіз.

Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік!

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст