Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Зерттеушілердің айтуынша, бұрын-соңды Қазақ даласы аумағында дәл мұндай асы құнды тарихи құндылық табылып көрмегенге ұқсайды. Табылып отырған адам мүрдесі басынан аяғына дейін темір сауытпен жабдықталған. Әрі сауыттың жасалу үлгісі де өзгеше, бұрын-соңды еш жерде кездеспеген шеберлікпен, ерекше үлгіде жасалыпты. «Табылып отырған адамды «темір адам» деп атауымызға да болады. Соған қарағанда, жауынгер болуы әбден мүмкін. Бізді таң қалдырғаны – темір сауыттың ұрланбай сақталғаны. Мұндай дүниелердің мыңдаған жылдар бойы ұрылардың тимей, сақталуы – өте сирек кездесетін жағдай. Қазақстанда дәл осы іспеттес тарихи құндылық әлі бірде-бір рет табылған жоқ», - дейді «Қырым аралы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Қырым Алтынбеков.
Басынан аяғына дейін өте ерекше үлгідегі темір сауытпен жабдықталған адам қаңқасының ұзындығы - 175 см. Ал табылған қабірдің ұзындығы – 2 м 40 см, ені - 80 см. Сондай-ақ, мүрдемен бірге ұзындығы 1 метр болатын семсері, жебе ұштары мен қорамсағы, қорғану қалқаны, патера, ат әбзелдері және тағы да басқа көптеген жәдігерлер табылған.
Қазіргі уақытта қазба және зерттеу жұмыстары Алтынбеков мырзаның басшылығымен жүргізіліп жатыр. Зерттеу тобының мәліметінше, табылған тарихи құндылыққа жасалатын зерттеу жұмыстары әлі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Өйткені рентген және металл іздегіш құрылғылардың көмегімен жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде алтын, күміс, темір, сүйектен жасалған бұйымдардың бар екені анықталған. Антропологиялық, ДНК-лық зерттеулердің қорытындысы бойынша алдағы уақытта мүрденің бас сүйегі мен сауытын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу де жоспарланып отыр. Басында айтып өткеніміздей өте сирек кездесетін тарихи жәдігерді зерттеу жұмыстарына басында айтып өткеніміздей, сонау Мажарстан елінен арнайы мамандар тобы келіп қосылып жатыр. Осы мақсатта Атырауға арнайы ат басын бұрған мамандар тобын Венгр жаратылыстану ғылымдары музейінің антропологы, Мажар-Тұран қорының президенті Андраш Жолт Бироның өзі бастап келіпті. Айтпақшы, бұл зерттеу тобында Венгр жаратылыстану ғылымдары музейінің антропологы Жолт Бернерт пен Венгр жаратылыстану ғылымдары музейінің археологы, сарапшы-техник Норберт Гогош секілді ғалымдар бар екенін айта кету керек. Андраш Жолт Бироның айтуынша, венгрлік мамандар табылған «темір сауытты» баһадүрдің бас сүйегіне антропологиялық және радиокорбондық зерттеулер жүргізіп, реконструкциялық мүсінін жасамақ екен.
«Қазақстан біз үшін екінші Атамекеніміз. Өйткені, бабаларымыз өз дәуіріне осы ұлы даладан қоныс аударды»,-деді Венгр жаратылыстану ғылымдары музейінің антропологы Андраш Жолт Биро. Оның сөзінше, көшпенділер өркениеті адамзат үшін әлемдегі теңдессіз жетістіктердің бірі екеніне тоқталды. Сондай-ақ ол «Біз сонау ғұн тайпаларынан бастап зерттеу жүргізіп келеміз, негізінен мажарлар мен қазақтардың араларында тарихи ұқсастықтар көп. Бес қаруын сайланған батырлардың өмір жолдары кім-кімді де бей-жай қалдырмайды, мүмкіндік болса алда көптеген жұмыстар күтіп тұр деп ойлаймын»,- дейді Андраш Жолт Биро. Иә, Мажар бауырлардың сонау Еуропаның төрінде жатса да Қазақ даласына бүйрегі бұрып тұратыны жайдан-жай болмаса керек. Өйткені, Мажарстан яғни Венгрия мемлекеті өздерін түрік жұртының бір бұтағы санайды. Мажарстанның тұрғылықты халқы өздерін «Мадиярлармыз» деп атайды. Ал мадиярлар қазіргі Венгрия аумағына ұлы даладан, яғни Алтай өңірінен қоныс аударып барған.
Тарихи деректерге сенсек, қазіргі мажарлар мекен етіп отырған Дунай жазығына көне қыпшақ тайпаларының алғашқы буыны ІХ ғасырларда барғанға ұқсайды. Яғни 895-896 жылдары қыпшақ жұртының бір тайпасының патшасы Арпадтың басшылығымен мажар халқының жеті бірдей тайпасы қазіргі Венгр даласына қоныс аударып келеді. Ұзамай жеті тайпа ынтымағы жарасқан үлкен елге айналып, Мадияр корольдығының негізін қалаған. Кейін бұлардың қатарына ХІІІ ғасырда моңғол шапқыншылығы салдарына күйрей жеңілген қыпшақ ханы Көтен келіп қосылады. Осылайша Карпат асып келген Көтен ханның артынан ере келген мырық мыңдай адам Мадияр корольдігінің айбынын одан сайын асқақтата түседі. Мадияр королы Бэла ата жұрттан қоныс аударып келген қыпшақтарды туған бауырындай құшақ жая қарсы алған. Онымен тынбай ол өз ұлына Көтен ханның бой жетіп отырған қызын алып береді. Бұл екеуінің кіндігінен тараған Ласло деген ұлдары корол атанып мажарлар тарихын мүлдем жаңа сатыға көтереді. Бэланың немересі әрі Көтен ханның жиені Ласлоның тұсында Мадияр еліндегі қыпшақтардың даңқы аспандайды. Қыпшақ тілі сарай тіліне айнала бастайды. Алайда, тегі түркі қыпшақтардың күшейіп кетуінен секем алған мадиярлар король Ласлоға у беріп өлтіреді. Осылайша, мадиялар еліндегі қыпшақтардың ықпалы азая бастайды. Сонымен бірге қыпшақ тілі де қолданыстан шыға береді. Кейін Арпадтың шөбересі Геза христиан дінін қабылдап, еуропалық үлгідегі мемлекет құрғаннан кейін бұл процесс тіптен жеделдеп кетеді. Ақыры Папа ІХ Иннокентий мажар қыпшақтарына арнайы манифес шығарып «киіз үйде тұруға, көшпелілер секілді көшіп-қонуға, Тәңірге сыйынуды доғарып, христиан дінін қабылдауға мәжбүрлі түрде көндіреді. Осылайша ғасырлар бойы үстемдік құрған қыпшақ тілі мен далалық, көшпелі мәдениет еуропалық дәстүрге бой ұсынады.
Бірақ соған қарамастан, ол жердегі қыпшақтар тілінен толықтай айырыла қоймады. Есесіне көшпелі дәстүрді, ділін, салт-дәстүрін әлі күнге дейін сақтап келді. Мажарстанның тұрғылықты халқының біраз бөлігі өздерін «Мадиярлармыз» деп атағанымен өздерін еуропа аумағына келген қыпшақ тайпаларының ұрпағы екенін мақтанышпен айтады.
Әрі олар Қазақстанды өздерінің ата-жұрты деп санайды. Бүгінде мажар бауырлар үшін қазақ, қыпшақ, мажар, мадияр ұғымдары өзара үндес, синоним сөздер болып табылады. Бұақаралық ақпарат құралдарында да «шынтуайтына келгенде, мажар-қыпшақтар қазақтың ұрпағы» деген секілді көзге жас алдырарлық жылы пікірлер үнемі жарияланып жатады. «Мажарлар өздерін қазақтармен туыс халықпыз деп санайды.
«Мадиярлар – ғұндар мен қыпшақ текті түркілердің тұқымы. Мажарстан – Батыс ғұн мемлекетінің мұрагері. Біздің бабаларымыз да киіз үйде тұрған. Жылқы ұстау, киім-кешек, көшпелі мәдениетімізде де өте көп ұқсастықтар бар. Аталарымыз Еуропаға көшіп келгеннен кейін «бөгде мәдениеттің» ортасына келгенін түсініп, өз ата-салттары мен мәдени құндылықтарын сақтауға барынша тырысты. Әскери сайыс, садақ ату, қылыштасу, қамшы үйіру өнер түрлері ұлттық дәстүр деп саналады. Аталарымыз Еуропаға шығыстан келсе де, 1200 жыл бұрынғы тарихын, тiлiн, мәдениетiн жоғалтпаған, ешкiмге бодан болған емес» дейді белгілі антрополог, «Тұран-Мадияр» Халықаралық қорының президенті Биро Андраш Жолт мырза.
ХХ ғасырда белгілі мажар ғалымы, антрополог Тибор Тот өзінің ғылыми еңбектерінде екі елдегі руларды, қазақтар мен мадиярлар (мажар) арасындағы туыстық байланыс жайында көлемді еңбек жазады. Сол секілді осы саланың пайғамбары атанған Иштван Мандоки Қоңыр ағамыз да артына біршама құнды мұра қалдырып кетті. «Күн тілінің Мажарстандағы ескерткіші» (1993) атты еңбегінде мажар тілдеріндегі тұрмыстық қолданыстағы бес жүзден аса сөз бен жер-су аттарының көне қыпшақ, қазіргі қазақ тілімен ұқсастығын ғылыми тұрғыда дәлелдеген. Мысал ретінде арқан, арпа, балта, алма, ұршық, қобыз, тезек, шанақ, ұнтақ, шолаққанжыға, пышақ секілді сөздерге тоқталады. Сол секілді Өтеміс, Тазлар, Шеңгелі, Жыланшық деген жер-су аттары да ұқсас болып шыққан. Иштван Мандоки Қоңырдың айтуынша, ХVІІ ғасырдың аяғына дейін қыпшақ тілінде сөйлеген. Күні бүгінге дейін Мажарстандағы Дунай мен Тиса арасы – Кишкуншак (Кіші қыпшақ жері), шығысы Надькуншак (Ұлы қыпшақ) деген атауларға ие. Қарсақ қаласы – Ұлы Қыпшақ жерінің орталығындағы тарихи қаланың атауы Қарсақ деп аталуы да тегін болмаса керек. Керек болса, мақал-мәтелдеріне дейін ұқсастық бар: «Аттың төрт аяғы болса да сүрінеді», «Аузы күйген сүтті де үрлеп ішеді» секілді мәтелдер күнделікті пайдаланып жүрген мақалдарымызға ұқсайды. Бүгінде кез-келген мажарлық өзінің түп-тегінің Орталық Азиядан шыққандығын жақсы біледі. Әсіресе, олардың бұл құлшынысы қазақтар мен мажарлардың генетикалық жағынан ұқсас екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген кейін тіптен артып барады деуге болады. Өздерінің тарихи отанын көруге келетін мажар бауырлардың да қарасы көбейді деуге болады.
Ериков К.З