«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің отбасымның сүйікті кітаптары

29.01.2021

     «Менің отбасымның сүйікті кітаптары» жобасы бойынша мектеп кітапханасы, 7 «Ә» сынып оқушылары әдеби шығармаларды қалай оқуға болатынын, әдеби кітаптардың оқушыларға тигізер пайдасы жайлы сөз етіп, осы кітаптарын басқа оқушылардың оқып шығуына кеңес берді.

Бүгінгі күні қазақ қоғамында рухты көрсететін, жастарымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптар көбірек оқылу керек деп ойлаймын. «Менің отбасымның сүйікті кітаптары» бейнебаяны да отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бейнебаянның мақсаты: эстетикалық талғамы бар сауатты отбасылық оқырман дайындау. Еркін, шешен, көркем сөйлеуге, ізденуге тәрбиелеу. Отбасылық осындай оқырмандардың болуы да ақындарға деген көрсетілген зор құрмет деп білеміз.

Просмотров: 585


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст