«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп бағдарламасына «Адалдық әліппесі» деген пән енгізілуі мүмкін

03.02.2021

      Мектеп бағдарламасына «Адалдық әліппесі» енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу әр адамның қолынан келеді «Парасаттылық идеологиясын насихаттауда үздіксіз кешенді білім беру маңызды. Қазіргі таңда Білім министрлігімен негізгі мектеп пәндерінің бағдарламасына парасаттылық идеологиясын енгізді жоспарлап отыр. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей, бұл қадам балаларды ерте жастан адал өмір сүруге баулуға ықпал етеді деген  сенімде. Сонымен қатар ол азаматтарды мемлекеттік органдардың қызметіне тарту институттары мен тетіктерін нығайту маңызды болып табылады.. «Агенттікте қоғам өкілдері барлық аппараттық кеңестерге, кадрлық және мемлекеттік сатып алу бойынша комиссияларға қатысады, бұл жұмыстың ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл барлық мемлекеттік аппаратқа тән болуы керек. Мемлекет басшысы айтқандай, азаматтар – біздің басты тұтынушыларымыз, сондықтан біз қызметімізді қоғамнан жасырмауымыз керек. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің тәжірибесіне әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, конкурстық кадр комиссияларының онлайн-трансляциясын енгізді ұсынбақ.

Просмотров: 304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст