Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Баршамызға белгілі білім мен ғылымның, ақпараттық техниканың үздіксіз жылдам дамуы, қоғамда болып жатқан түрлі жағымды-жағымсыз өзегерістерді саралау қиын жағдайда, болашаққа алаңдамау мүмкін емес. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Ал, жас ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.
Өзекті мәселе болып отырған бала тәрбиесі бойынша білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Мектептегі тәрбие жұмысының сегіз бағытта жүретінін және сол тәрбие бағытымен оқу үдерісінің ұштасып отырғанын айту керек. Бұл білім саласында атқарылып жатқан үлкен жұмыс. Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген. Бұл даналық сөз өмірде дәлелденіп те келеді. Сондықтан әр уақытта тәрбие білімнен бұрын тұрады. Ұрпақ тәрбиесіне мемлекет те, қоғам да, ғалымдарымыз да аса зор көңіл бөледі.
Мысал ретінде айта кетсек, Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов - ғалым, филилогия ғылымдарының докторы, профессор, әдебиет зерттеушісі, фольклорист. Өзінің "Халық тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын ерекше атап көрсетті. Олар:
"Халық тағылымында" көрсетілген әрбір бағытта терең ұлттық тәрбие жатыр. Осы бағытта балаларымыз үйде, мектепте және қоғамда үш бағытта жан-жақты тәрбиеленіп те жатыр. Қазақ халқының тәрбиесі - үлкен шежіре. Өйткені қазақ халқы ұлттық дәстүрге өте бай халық. Еліміз салт-дәстүрлерге аса мән бере отырып, осы қасиеттерін ұрпақ бойына үздіксіз сіңіріп келеді. Мұның дәлелі ретінде жастарымыздың бойындағы тілге деген, дәстүрге деген ұлтжандылықтан байқаймыз. Десек те, әлі көп еңбектенуді талап етеді.
Сонымен бірге шет елдегі бала тәрбиесі туралы деректерді оқи отырып, кейбір көңілге қонымды жерлерін айтып өткім келді. Мысалы, еврейлер отбасында бала тәрбиесі қатаң бақылауда болады. Тәрбие беруде өзіндік ұстанымдары да бар. Мәселен, баланың әлжуаз, көп шағым айтуына жол бермейді. Баланың көзінше ақша туралы сөйлеуге де болмайды. Себебі бала танымында маңызды дүние ақша қалыптасып, адамдық қасиеттерден алшақтай түседі деп топшылайды.
Ал, испанияда балаларын өзгелермен салыстыра қарамайды. Кәрістер үшін бала тәрбиесі - сөз бен істегі адалдық, мақсатқа жетудегі табандылық пен төзімділікке баулиды.
Дегенмен де, ұғына білген адамға өз халқымыздың тәрбиесіне тең келері жоқ. Ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін, елдің ертеңін қалыптастыру екені белгілі. Бұл болашақ үшін – өлшеуі жоқ қазына.
Рахимова Адина