«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қауіпті індет: Қазақстанда неше өңір "қызыл" аймаққа кірді

10.02.2021

     Денсаулық сақтау министрлігі 28 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ. 28 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 27 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ. Яғни, Қазақстанның 6 өңірі мен 2 қаласы әлі де "қызыл" аймақта тұр. Олар: Ақмола облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Ал "сары" аймақта Қарағанды облысы орналасқан. Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала – "жасыл" аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы "қызыл" аймақта орналасқан. Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1413 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 182 530-ға жетіп отыр.  Қазақстанда бір аптаның ішінде коронавирустан қайтыс болғандар саны өскен Сонымен қатар, 26 қаңтар күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылдың соңына дейінгі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жасалған болжамды ұсынған болатын. Оның сөзінше, эпидемияның шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін.  

https://kaz.nur.kz/society/1896093-kauipti-indet-kazakstanda-nese-ir-kyzyl-ajmakka-kirdi/?utm_source=clipboard&utm_medium=article-fragment

Просмотров: 242


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст