«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік (қазақ) тілді дамыту мен қолдану

17.02.2021

     Мемлекеттік тіл туралы бірер сөз... 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін»  - деп, алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесі артатыны туралы жариялады.

2019 жылы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың  2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.

Мемлекет әрбір азаматын қазақ тіліне оқытуға мүдделі. Бұл үшін қомақты қаражат бөлінуде.

Қазақ тілін оқыту курстары

Қазіргі уақытта республиканың барлық өңірлерінде 99 мемлекеттік орталық жұмыс істейді, онда оқыту тегін жүргізіледі. Орталықтарда мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жұмыссыздар, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер және ҚР-ға тұрақты тұруға көшкен азаматтар оқи алады. Курстар халықтың ересек топтарына қарастырылғанын атап өткен жөн.

2019 жылы Тілдерді оқыту орталықтарында 70757 адам қазақ тілі курстарынан өтті. Оқыту үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында көптеген орталықтар курстарды онлайн режимде қашықтықтан өткізеді. Мемлекеттік тілді өздігімен үйренгісі келетіндер үшін «Тіл-құрал» веб-сервисі құрылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы осы сипатты 20 портал құрылып, жұмыс істеуде.

Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша анықталады. 2013-2019 жылдары аталған жүйе бойынша 364290 адам тестілеуден өтті. 2019 жылы тестілеуге 38461 адам қатысты, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 15835, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері – 18647. Қазақ тілін білу деңгейін www.kazakhtest.kz ресми сайтында тексеруге болады.

Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР-да жыл сайын «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Тіл шебері», «Тілдарын», Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, түркі, славян жазбалары мен мәдениеті күндері және басқа да түрлі форматты іс-шаралар өткізіледі.

Қазақ тілін қашықтықтан оқыту

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында құрылған «Tilalemi.kz» порталы, «Atau.kz» ономастикалық базасы, «Emle.kz» орфографиялық базасы, «Тermincom.kz» базасы, «Tilmedia.kz» үш тілді сайты, балаларға арналған «Balatili.kz», мемлекеттік тілді үйретуге арналған «Тіл-құрал» веб-сервисі және барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» (Құжат.кз) сайттары  жұмыс жасауда. Әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тіркестерді, көнерген сөздер мен кірме сөздерді, жаңа сөздерді түсіндірмесімен онлайн-іздеу функциялары бар «Sozdikqor.kz» порталы құрылды. 2019 жылы портал базасындағы сөздер саны 400 мың бірліктен асты.

Қазақ тіліндегі жаңа сөздер қалай пайда болады?

Жаңа сөздер ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссия бекіткеннен кейін ресми мәртебеге ие болады. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес терминологиялық комиссия тарапынан 2019 жылы 2700 термин бекітілді. Қазіргі уақытта Комиссия тарапынан бекітілген реттелген терминологиялық қор 27000 терминді құрайды.

«Теrmincom.кz» сайтының базасында жұртшылықты терминологияның жай-күйі мен термин жасаудың  негізгі принциптері жөнінде хабардар ететін электронды алаң іске қосылды. Сондай-ақ, терминдерді тұрғындармен талқылау үшін электронды ашық алаң құрылды. Ұлттық терминологиялық комиссия жанынан 18 салалық терминологиялық секция құрылды.

Просмотров: 272


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст