Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Баскетбол ағылшын тілінен аударғанда «basket» себет және «ball» доп деген сөзді білдіреді. Баскетбол командалық спорттық ойын, оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру, сонымен қатар қарсылас команда допты салдырмау әрекетін жасайды.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды. Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған. Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама - қарсы төріне ілінген.
Сонымен қатар 1603 ж Дитрих Брустың салынған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.
1818 жылы Фата энциклопедиясында Флориада тұрғындарының ойыны жазылған, онда бағанаға ілінген торға допты көздегені тұр.
1891 ж Джеймс Нейсмит 1 - ші рет ойының негізгі принциптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады.
Қазіргі заман техникасы - ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көп деген ұтымды тәсілдерді ұсынды. Сондықтан, қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қазіргі заманғы ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойының даму тенденция арсеналын білуі қажет.
Жіктеу - ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдер бөлім мен топ бойынша анықталған белгі негізінде топтастыру.
Техника - ол ойынның тәсілі, ойыншылардың қорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамасыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.
Баскетболшы тәсілі үлкен екі бөлімнен тұрады, шабуыл және қорғаныс тәсілі. Тәсілдің қолданыстары қорғаныс және шабуыл әрекеттерін міндетті түрдегі бірлігі негізінде ғана үйретілуі және жетілдіру керек. Ал бұл бірлікке қол жеткізу үшін қолданыстардың кең қорына ие болуы және оларды ойында қолдана білуі керек, ұтымды тәсілдің болуы баскетболшының дене қабілеттерін барынша толық және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Баскетболшылардың тәсілдік дайындығын сатыға бөлуге болды және оған сәйкес міндеттер шешіледі. Бірінші сатыда негізгі қолданыстармен оларды орындау, негізгі амалдары сонымен қатар бұл қозғалыстардың негізгі бірліктері қолданылады. Қолданыстардың қозғалыста жасалуына және оларды бағытты өзгерте отырып орындауға оң жаққа, сол жаққа, оң сол қолмен жасауға баса назар аударған жөн.
Екінші сатыда, бұрын үйретілген қолданыстардың басқаша жаңа амалдар мен біріктіре отырып қолдану тәсілдері жетілдіріледі.
Үшінші сатыда бұрын үйретілген қолданыстар кешені жетілдіріледі, кеңейтілдіреді және қайталанады, сонымен бірге әр ойыншы мен жеке - жеке дайындық жүргізіледі. Тәсілдік қолданыстардың әртүрлі бірлігін үйретуде оларды орындаудағы реттіліктік болуын қадағалаған жөн, бұл үшін әдетте негізгі тәсілдің қолданыстары бірлігі жататын кешенді жаттығулар қолданылады.
Допты қағып алу — доппен ойнауда ең көп тараған қолданыс түрі. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып допқа қарай қолды түзү еркін созу керек. Мұнда бес бармақтар бір-біріне бағытталып үш бес сантиметрге дейін жақындатылады. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп допты кеудеге қарай жақындатады. Әперу және басқа қолданыстармен бірлікте ғана қағып алуды жетілдіруге болады. Жүгіру кезінде допты қағып алу үшін қолды допқа қарай алға созған сәтте, жүгіруде кезекті қадамды жасаушы аяқпен барынша кең - кең қадам жасалады. Допты қағып алып денеге қарай тартады да келесі қадамды жасап сүйеусіз жағдайда екінші қадамды жасап үшіншісін жасамас бұрын доп жіберіледі. Қозғалыста қағып алуда қате жібермес үшін аяқпен қол жұмысында дұрыс ырғақты бекітуге көмектесетін жаттығуларды қайталаған жөн.