Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыруда арнайы білім беруде дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педогогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі. Спорттық жаттықтырудың әсерінің нәтижесінде спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда “дайындалғандық” “ жаттыққандық” және “спорттық қалып” деген ұғымдар қолданылады.
“Жаттыққандық ”жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу арқылы спортшының жұмыс қабілеттілігін арттыру және берілген жаттықтырудың күш түсіруіндегі организмнің биологиялық қалыптасу деңгейлері.
“Дайындалғандылық” спортшының дене қуаты қасиеттерінің, техникалық шеберлігінің, тактихалық және психологиялық дайындықтары арқылы жоғарғы көрсеткіштерге жетуі. “Дайындалғандылық” термині осы аталған дайындық жақтарының кез келгеніне жеке де арналуы мүмкін.
Спорттық жаттықтыру амалдары.
Дене тәрбиесі жүйесінің арнайы бөлімі болғандықтан спорт жаттығуларында дене тәрбиесі амалдары қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.
Дене тәрбиесі жаттығудың негізгі амалдары үш топқа бөлінеді: жарыстық жаттығулар; арнайы дайындық жаттығулары; жалпы дайындық жаттығулары.
Жарыс жаттығулары кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз.Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалу керек.
Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
1.Жақындататын жаттығулар – негізгі жаттығуларды игеруді жеңілдететін қимыл әрекеттер.
2.Дайындық жаттығулары – негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін ( күш, жылдамдық, төзімділік т.б.) дамытатын жаттығулар.
Жалпы дайындық жаттығулары спорт жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл қозғалыс қорын көбейтуге, жалпы жаттыққандылығын күшейтуге арналады.Дайындық кездеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.
Спорттық жаттықтыру принциптері.Спорттық жаттығуларының өзіндік ерекшелігі өзіне тән принциптерді тудырады.
Сапалық принциптері- спортшы саласында жоғарғы спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.
Біртіндеушілік принципі-жүктемені жоғарғы деңгейге дейін біртіндеп өсіру.
Даралық принципі– спортшының талантына, жаттықтыру әдістемесінің спортшының жеке басына байланысты өзгеруі, өзіндік жаттығу тәсілін орындау мүмкіндігі.
Жүйелік принципі- спортшының организмін шынықтырып, жақсы спорттық жетістіктерге жету үшін, спорттық жаттықтыру процесі бір жылға және көптеген жылдарға арналып құрастырылады.
Спортшы өзінің энергиясын, күшін керек уақытта жинақтап бір мақсатқа пайдалануы үшін психологиялық дайындыққа көп көңіл аудару тиіс.
Циклдік принцип. Жүйелік және біртіндеушілік принциптері жаттықтыру циклдерін құрғанда айқын білінеді. Циклдік дегеніміз – белгілі бір уақыт ішіндегі жаттықтыру процесі бөлімдерінің аяқталған жиынтығы. Әрбір келесі циклде жаттықтыру кезіндегі күш түсіру өсіп отырады.Циклдер: микроциклдер(апталық),мезоциклдер(айлық) және макроциклдер(жылдық) деп бөлінеді.
Дене қуатына күш түсіру әр түрлі көлемде толқын түрінде өтеді.
Кіші толқындар – микроциклдегі күш түсіру қозғалысының толқын түрінде өзгеру сипаты. Орта толқындар – мезоциклді көлемдегі күш түсіру қозғалысының өзгеру сипаты.
Үлкен толқындар – макроцикл кезеңдеріндегі күш түсіру қозғалыстарының өзгеру сипаты.
Жалпы және арнайы дайындықтардың бірігу принципі. Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті адам организмін жан- жақты дамыту болып табылады. Бұл процес жалпы және арнайы дайындықтың өзара байланысу арқылы орындалады.
Жалпы дайындық кезінде жоғары спорт көрсеткіштерін өсіру үшін керек әртүрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде қимыл қозғалыс шеберлігі мен дағдылары игеріледі. Арнайы дайындық кезінде таңдап алған спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі жетілдіріледі. Спортшылардың жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы дайындық кезенге байланысты өзгертіліп отырылады. Дайындық кезеңінде жалпы және арнайы көлемінің проценттік арақатынасы 60-40 , жарыс кезінде 20, 30, – 80,70 процент, өтпелі кезенде 80-20б.к. Бұл спорт түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғары дәрежелі спортшыларға арнайы дайындық көлемі көбірек беріледі.
Кусайнов Е.А.
Ссылка: https://baribar.kz/student/9989/sporttyq-zhattyghudy-gigienalyq-turghydan-qamtamasyz-etu/