«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конкурс «ЖАС ҒАЛЫМ - 2021»

24.02.2021

«Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығы

 

 «ЖАС ҒАЛЫМ - 2021»

Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстардың

республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
    1. Мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жұмыстар байқауы (бұдан әрі – Байқау).

Мақсаты: мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Оқушылардың  ғылымға деген ынтасын арттыру;
  • Дарынды оқушыларды табу әрі қолдау;
  • Жас ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру;

2.Байқауға қатысушылар

2.1 Байқауға  Қазақстан Республикасы бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатыса алады. 2-11 сынып оқушылары жетекшілерімен бірге байқауға үміткер бола алады.

3. Байқауды өткізу тәртібі

3.1 Байқау 1 кезеңнен тұрады.

3.2 Байқау қашықтықтан өткізіледі.

3.3 Республикалық байқауға ұсынылған жобаларды бағалау үшін ұйымдастырушылар Байқау комиссиясын құрады;

Байқау комиссиясы:

-Жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің профессорлық-оқытушы құрамынан, ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінен құралады;

-Мүшелерінің құрамы және саны ұйымдастырушылармен анықталады;

3.4  Республикалық байқауға қатысушы әр үміткер 1 ғана жоба ұсына алады. Ғылыми жобалар осы Ережеде көрсетілген бағыттар аясында ұсынылады. Байқауға (құрамы 2 адамнан аспайтын) бірлескен авторлар да қатыса алады.

3.5 Байқауға жобалар электронды почтаға (leader.kz@inbox.ru) жіберу арқылы қабылданады.

3.6 Республикалық байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Қатысушылар мен жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.

 

4. Байқаудың бағыттары:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар 5 бағыттан, 17 секциядан тұрады:

І  Бағыты  «Ғылыми – техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны».
Секциялар:
Физика
Техника
Жер және Космос туралы ғылымдар

ІІ Бағыты: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»
Секциялар:
Математика
Қолданбалы математика
Информатика
Экономика

ІІІ Бағыты: «Таза табиғи орта – адам дамуының негізі»
Секциялар:
Химия
Биология 
Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

ІV Бағыты: «Қазақстан тарихи ескерткіштері және шығармашылық тұлға негізі»
Секциялар:
Тарих
Өлкетану
Этномәдениеттану
 

VБағыты:  Тіл білімі және әдебиеттану мәселелері

Секциялар:

Тілтану / Языкознание

Әдебиет / Литература

Ағылшын тілі/Английский язык

 

5. Байқауға ұсынылатын жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

5.1 Ғылыми жобада:

- бет парақ;

- мазмұны;

- кіріспе;

-теориялық бөлімі;

- зерттеу бөлімі;

- қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер тізімі;

-қосымша (егер қажет болса) болу керек.

       Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.

5.2. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:

- аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (міндетті емес);

- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;

- зерттеу күнделігі;

- тезисі (3 беттен аспайтын қысқаша жұмыстың мазмұны).

5.3. Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз).

5.4. Мазмұны бар беттерді ресімдеу:

а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;

ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:

  • Кіріспе;
  • 1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);
  • 2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);
  • 3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);
  • Қорытынды;
  • Әдебиеттер тізімі;
  • Қосымша (егер бар болса).

б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;

в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).

5.5 Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.

  • Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
  • Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
  • Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

 

5.6. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

  • Мәтін компьютерде терілу керек.
  • Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см,  жоғары – 2 см,  төменгі – 2 см.
  • әріп- Times New Roman   KZ Times New Roman   14 кегль;
  • абзац болу керек;
  • жол арақашықтығы- бірқатарлы;
  • кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
  • тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;
  • ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы  майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.
  • Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
  • Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
  • Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
  • Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
  • Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:

           автордың тегі, аты- жөні,

           мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),

           журнал және кітап атауы

           шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),

           шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.

  • әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;
  • қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

 

5.7. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.

  • Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:
  • зерттеу мақсаты, тапсырмалары;
  • зерттеу объектісі, заты
  • гипотезасы
  • зерттеу кезеңдері , процедурасы;
  • эксперимент әдісі;
  • зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
  • жұмыс нәтижелері және қорытынды;
  • нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

 

5.8. Жетекшінің пікірі.

          Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.

5.9 Қосымша байланыстар

Байқау жұмыстарына жауапты әдіскерлер: 87074491851; 8 707 811 89 33

Электронды почта: leader.kz@inbox.ru

 

Ұйымдастырушы:  «Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығы

Мекен жайы: «Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығы

Мекен жайы: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 60а.

87078118933; 87074491851

 

Қорытынды: Республикалық ғылыми жобалар байқауына құжаттар 2021 жылдың

20 ақпанынан 20 наурызына дейін қабылданады. Қорытынды 25 наурызда шығады.

Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады. 

 

!!! Республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысу үшін бір реттік жарнапұл төленеді.

Қатысу жарнасы 1500 (бір мың бес жүз) теңге.

 

Қосымша сауалдар үшін: +7 707 4491851; 8 707 8118933

 

Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған банк реквизиттері:

«Kaspi Bank», «Kaspi Gold» карточкасы:  5169 4931 1778 3970

 

 «Halyk bank»: 4402 5735 8289 6926

 

Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін leader.kz@inbox.ru почтасына жолдауы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы

 

 

 

Бағыты:

 

 

Секциясы:

 

 

Тақырыбы:

 

 

 

Авторы: (аты-жөні толығымен, сыныбы,

мектебі, қаласы)

 

Жетекшісі: (аты-жөні толығымен, пәні,

мектебі, қаласы)

 

Кеңесшісі: (аты-жөні толығымен, дәрежесі,

оқу орны, қаласы)

 

 

 

2021 жыл

 

 

 

Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы_______________________________

Оқушының Т. А.________________________________

Мектеп, сынып _________________________________

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________

Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен директордың қолы болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:

 

Жұмыс мазмұны

Зерттеу әдістері

Ескерту

 

 

 

 

 

            Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.

Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.

 

 

 

 

 

 

№1 қосымша

Байқауға ұсынылған ғылыми жұмысты

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

 

Өлшемдер

Ең жоғарғы ұпай

Бағалау негіздемесі

Тақырыптың өзектілігі

10

 

Ғылыми жаңалығы

10

 

Қойылған міндеттердің шешімділігі

10

 

Материалдың толықтығы және логикалық байланысы

10

 

Алынған нәтижелердің теориялық маңызы. Ғылыми жұмыс әдіснамасының тиімділігі

10

 

Алынған нәтижелердің  тәжірибелік маңызы

10

 

Қорытынды ұпай

60

 

 

Просмотров: 367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст