Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
17 ақпан күні Айқанат олимпиадасының аудандық кезеңіне 8 сыныптың 11 оқушысы қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын қалыптастыру; оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Олимпиада ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізіледі:
· бірінші кезең аудандық
· екінші кезең - облыстық
· үшінші кезең – республикалық
Бірінші турда аудандық кезеңде Қатысушы бейімділігін анықтау үшін барлық пәндер бойынша тест тапсырады. Бағыттар (оқушылардың табиғи дарыны мен бейімділігін анықтау):
Тілдік («Қазақ тілі» пәні - қазақ тілінде оқитындарға, «Орыс тілі» пәні орыс тілінде оқитындарға, қазақ (орыс) тілін дұрыс қолдану дағдыларын анықтауға арналған сұрақтар, мәтінді түсіну және қорытынды жасай білу, сөздік қорын, синтаксис пен орфографияны қолдану);
Математикалық («Математика» пәні, математиканың негізгі ұғымдарын қолдану және осы ұғымдарға тәсілдерді қолдану дағдыларын анықтауға арналған сұрақтар, негізгі математикалық қатынастарды қолдана отырып абстрактілі тәсілді орындау, күнделікті өмірде негізгі математикалық әдістерді қолдану);
Жаратылыстану («Физика», «Биология», «Химия» пәндері, физика, биология және химияның негізгі түсініктері мен қағидаларын қолдану дағдыларын анықтайтын сұрақтар);
Гуманитарлық («Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «География» пәндері, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және география пәндерінде негізгі ұғымдар мен қағидаларды қолдану дағдыларын анықтауға арналған сұрақтар).
Екінші кезеңде Қатысушы 1 кезеңнің қорытындысы бойынша басым болған топ бойынша тест тапсырады : 1) Гуманитарлық; 2) Жаратылыстану
Оқушыларымызға ІІ кезеңге өтулеріне сәттілік тілейміз.