«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Тіл Дарыны» облыстық байқауының қорытындысы

04.03.2021

     2021 жылғы 16-17 ақпан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» базасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Тіл дарыны» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - іскерлік және халықаралық коммуникацияларға арналған құрал ретінде тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үш тілді мемлекеттік саясат ретінде насихаттау, Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, оқушылардың тілдерді меңгеруге деген қызығушылығын артыру, тіл мәдениетін дамыту. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

Аталған байқау Қазақстанда көптілді білім беруді енгізудің Ұлттық жоспарына қолдау болды.

Байқауға облыс бойынша 17 ауданнан, Көкшетау, Стеногорск қалалары мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарынан барлығы 85 оқушы қатысты.

Жақсы ауданының атынан Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы орта  мектебінің 9 сынып оқушысы қатысты. Тілдер бойынша жақсы білімін көрсете алды. Әділқазылар алқасының шешімен Рамазан Мадина жүлделі екінші орынға ие болды.

Жүлдегерлерімізді жеңісімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да табыс тілейміз.

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст