«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЕРЕЖЕ «АКТ-ны пайдаланған ҮЗДІК САБАҚ» атты үшінші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

15.03.2021

Құрметті әріптестер және ата-аналар! Халықаралық Білім Және Ғылым Академиясы «АКТ-ны пайдаланған ҮЗДІК САБАҚ» атты ІІІ

Халықаралық Педагогикалық Байқауына (қашықтық) қатысуға шақырады!

Осы Ереже функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін және оның қатысушыларға, Байқауға берілетін материалдарға талаптарды анықтайды. Берілетін материалдарды және қатысушы талаптарын бекітеді, жеңімпаздарды анықтау және оларды марапаттау тәртібін реттейді.

Байқауға қатыса алады:

  • мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің барлық санаттары (әдіскерлер, тәрбиешілер, музыкалық жетекшілер, логопедтер, психологтар, дене шынықтыру, жүзу нұсқаушылары, қазақ, ағылшын, орыс тілдері мұғалімдері және т. б.));
  • жалпы білім беретін ұйым педагогтарының барлық санаттары;
  • ЖОО, ООО оқытушылары және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары, жоғары оқу орындарының және орта кәсіптік оқу орындарының студенттері; магистранттар мен докторанттар.

Байқау мына нормативтік құжаттарға негізделген:

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ», 1 қыркүйек 2020;
  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007 жыл №319-III. (24.11.2015 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар еңгізу туралы заңы. (4 шілде 2018 жыл №172-VI);
  1. Педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидалары (2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 ҚР БҒМ бұйрығы және 2018 жылғы 29 маусымдағы № 316 бұйрығы);
  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  1. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы (№ 827 12.12.2017 ҚР Үкімет Қаулысы)
  1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасы, 2016 ж.
  2. Болашаққа бағдар - «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

Байқаудың мақсаттары - қазіргі педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау үшін мұғалімдердің ғылыми-зерттеу, шығармашылық, кәсіби әлеуетін арттыру. Ғылымға қызығушылығын дамыту.

Міндеттері:

Зерттеулерге және білімге деген қызығушылықты арттыру арқылы оқыту сапасын арттыру. Шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, ғылыми жобалар арқылы таланттарды анықтау.

Қатысушылар байқауға мынадай бағыттар бойынша қатыса алады:

  • «Мектепке дейінгі ұйымдардың АКТ» бағыты;
  • «Бастауыш сынып мұғалімдерінің АКТ» бағыты;
  • «Орта сынып мұғалімдерінің АКТ» бағыты;
  • «Жоғары сынып мұғалімдерінің АКТ» бағыты;
  • «НЗМ мұғалімдерінің АКТ» бағыты;
  • «Қосымша білім беру педагогтарының АКТ» бағыты;
  • «Колледж/университет оқытушыларының АКТ» бағыты.

Комиссияның номинацияларды көбейту және азайту құқығы бар.

Байқау қатысушылары

Байқауға өз еркімен және тең құқылы негізде жеке қатысушылар және шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Шығармашылық ұжым саны 3 адамдан аспауы керек. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

Байқауды ұйымдастыру және өткізуді Ұйымдастыру комитеті іске асырады.

Байқау материалдарының сараптамасын байқау комиссиясы іске асырады.

Байқау материалдары Нұр-Сұлтан қаласындағы, Халықаралық Білім және Ғылым Акадаемиясының Педагогикалық даму институтының электронды поштасына тапсырылады. Электронды пошта konkurs@bilimacademy.kz.

Байқауға қатысушылар ӨТІНІМ толтырулары қажет. Дұрыс толтырылмаған өтінім мен өтінімі жоқ жұмыстар қабылданбайды. Байқау материалдары мен ӨТІНІМ konkurs@bilimacademy.kz электронды мекен-жайға «БАЙҚАУ» атты белгімен жіберілуі тиіс. Қатысушылар электроныды адреске жұмысты, өтінімді және түбіртекті (немесе онын фотосын) бір хатпен жіберу керек.

Ұсынылатын жұмыстар кез келген бағдарламалық құрылым немесе кез келген форматта (Lego Mindstorms EV3/NXT Home Edition; Arduino Software (IDE); Android/iOS/Windows Phone Developers Tools; Adobe: Photoshop, Flash, Illustrator; Corel: Video Studio, Draw; SunRav Book Editor; Autoplay Media Studio; MS Office және т.б.) орындалуы тиыс. Жұмыстардың көлемі 2 Гб-дан аспау керек.

Жұмыстар     2021      жылдың      31      наурызға     дейін      қабылданады.

 

Материалдың сараптамасы 2021 жылғы сәуірдің 01-04 аралығында өткізіледі. Байқау нәтижелері Халықаралық Білім және Ғылым Акадаемиясының сайтында (www.bilimacademy.kz) 2021 жылы 05 сәуірде жарияланады. Үздік жұмыстарға диплом беріледі, қалғандарға қатысу сертификат.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарна мөлшері: 5 000 (бес мың) теңге.

 

Әлеуметтік осал топтардың өкілдері өп балалы отбасылар, жетімдер, мүгедектер) үшін жарна мөлшері 2 000 (екі мың) теңге.

 

ЖШС «Халықаралық Білім және Ғылым Акадаемиясы» реквизиттері АҚ «First Heartland Jýsan Bank» (Цеснабанк)

БСК TSESKZKA

Есепшот номері KZ77998KTB0000486424

БИН 190 840 004 256

КНП 171

КБЕ 17

 

Енді Академияның қызметтерін Kaspi.kz қосымшасынан төлеуге болады (платежи-образование-курсы и доп.образование-город Нур-Султан-название школы

 

Международная Академия Образования и Науки). Сонымен қатар BCC қосымшасында да біз бармыз.

 

Немесе Jýsan Bank (Цеснабанк) картасына аударым жасауға болады 5356 5020 0519 1683 (ЖСН 62 08 03 40 12 47).

 

Және Tele2 мобильдік операторының теңгеріміне бірлік салуға болады +7-705-258-7545.

Сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыздар: +7-7172-

25-20-04,               +7-705-258-7545                (WhatsApp)               немесе                 e-mail:

conference@bilimacademy.kz. Сайт мекенжайы: www.bilimacademy.kz.

 

Орындаушы: Ерлан Ақылжанұлы

Тел.: +7-7172-25 -20-04

                       +7-705-258-7545

Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст