Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
1. Жүйелі түрде шығармашылық жағдайында болуы;
2. Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жетуі;
3. Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден , кез кеғлген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқушыларды шығармашылыққа баулып, олардың белсенділіктерін , қызығушылықтарын, шығармашылық қабілетін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Олар:
1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
2. ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
3. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
4. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
5. Өлең, мақалдар құрастыру.
6. Кейіпкерге мінездеме беру.
7. Рольге бөліп оқу.
Бастауш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.
Мысалы «Ұйқас құрып ойнайық» ойыны. Сыныптағы оқушылардың есімдеріне байланысты ұйқас құрау ұсынылады.
Арқат –мінеді ат
Ануар- жақсы мінезі бар
Елхан- болады хан
Дариға –ұқсайсың жақсы балаға
Кәусар-балалықты аңсар т.с.с.
Жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырсақ, баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейде көтеріледі.
Аширханова Б.К.