«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді

10.02.2025

    Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 11-15 ақпан аралығында елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтеді.

Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналады.

Жұмысшы мамандықтары қаласының қонақтары арнайы тақырыптық көшелерді аралап, таныса алады: тау-кен,  металлургия көшесі, машина жасау және көлік көшесі, ауыл және су шаруашылығы көшесі, құрылысшылар көшесі, болашақ мамандықтар көшесі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышы және т.б.

Бірнеше күн бойы түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика салаларындағы тақырыптар бойынша хакатондар, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартап жобалардың таныстырылымы, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, концерттер, халықаралық аккредиттелген техникалық және кәсіптік оқыту курстары және тағы басқа көптеген іс-шаралар өтеді.

Фестивальге кіру тегін. Күн сайын сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін ашық. Мекен-жайы: «EXPO» Халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік ел, 53/1

Толығырақ mamanfest.kz парақшаларында

Просмотров: 922


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст