Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Сәуір айында мектеп кітапханасында жоспарға сай жұмыс жасалды. Халықаралық құстар күні: «Бұл керемет құстар» көрмесі ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушыларының салған суреттері көрмеге қойылды. Сонымен қатар оқушылардың суреттері бағаланды. Мектебімізде 12 сәуір күні «Ғұбайдолла атамыздың мұрасы» атты Ғұбайдолла Әбдірахмановтың туған күніне орай 4 сынып оқушыларымен бірге мұражайға саяхат жасалды. Мұражайда Ғұбайдолла Әбдірахмановтың өмірі мен шығармашылығы, наградалары оқушыларға таныстырылды. Сонымен қатар Ғарыш күніне орай «Ғарыш әлемінде» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге стенд, бейнебаян оқушыларға көрсетілді. Ғарыш әлемі нені зерттейді, біздің Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов секілді ағаларымыздың ұшуы халықтың мақтанышына айналды. Оқушыларға осы ағаларымыз дың өмір жолы баяндалды. Ғарыш кеңестігіндегі шоқ жұлдыздар мен ғалам шарлар жайлы ақпараттар берілді.
Сонымен қатар Халақаралық балаларға арналған кітап күні: «Қызықты менің ертегілірім!» бейнеролик 2 «А» сынып оқушыларына көрсетілді. Оқушылар өздерінің оқыған ертегілері жайлы пікір бөлісті . «Ал және оқы» буккросинг 1-11 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылды. Оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарын бір-бірімен алмасып, өзі оқыған кітаптарын ұсынды.
Есенгулова Т.С.