«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

100% мемлекет меншігіндегі ЖОО-лар жекешелендірілмейді - БҒМ

13.05.2021

Ерекше балаларға білім беру мемлекеттік тапсырыс арқылы көрсетіледі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын заңнамалық тұрғыда бекітетін, білім беру үшін маңызды нормалар қамтылған заң жобасы қабылданғанын айтып, соның ішінде екі тақырыпға тоқталып өтті.

Біріншісі - ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету көмегін көрсетуге мемлекеттік тапсырыс беру.

Екіншісі - мемлекеттік жоғары оқу орындарын мемлекет меншігінде қалдыру.

«Соңғы уақытта ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар саны көбейіп жатыр. Осы санаттағы балалардың ерекше қажеттіліктерін анықталғаннан кейін, оларды құрдастарымен қатар оқыту үшін арнайы педагогтердің көмегі қажет.

Ең бастысы, мамандар әр баланың қажеттіліктеріне сүйене отырып жеке түзету бағдарламасын дайындап оны жүзеге асыратын болады», - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, мұндай көмек алған балалар инклюзивті ортаға жақсы бейімделеді. Сонымен қатар, оқу материалын әлдеқайда оңай игереді. Ал кейбіреулері ерекше көмекке мұқтаждықтан толығымен арылады. Олармен дефектологтар, психологтар, логопедтер және т.б. мамандар жұмыс істейді.

«Қазір мұндай балалардың саны өскендіктен, арнайы орталықтар жетіспейді. Уақытылы көмек болмағандықтан, бұл ерекшеліктерді түзету және баланы білім беру ортасына қосу қиынға соғып жатыр. Енді бұл норма мемлекеттік емес ұйымдарға осындай қажет орталықтарды ашуға және көрсетілген қызметтер үшін бюджеттен қаржы алуға мүмкіндік береді.

Бұл механизм жеке балабақшалардың қызметімен бірдей. Естеріңізге сала кетейін, дәл осындай тетік арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерімен қамтуды бірден арттырған едік», - деп түсіндірді министр.

Министр ЖОО-лар мемлекеттік кәсіпорыннан акционерлік қоғамдарға өзгергеннен кейін академиялық ортада университеттерді жекешелендіруге байланысты түсініспеушіліктер пайда болды.

«Әсіресе, бұл мәселені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары көтерді. Аталған мәселені түпкілікті шешу үшін заңға түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық. Енді мемлекеттің 100% меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге мүмкіндік болмайды, демек бұл университеттер мемлекеттің меншігінде қалады», - деді министр.

Бұл заң жобасы енді Сенатта қаралалады.

Ссылка: https://azattyq-ruhy.kz/gov/23187-100-memleket-menshigindegi-zhoo-lar-zhekeshelendirilmeidi-bgm

Просмотров: 202


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст