«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп тарихы

12.10.2018

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі  1977 жылы салынып, қазан айының  29-да ашылды.

1977-1986 жылдар аралығында Степаненко Нина Ивановна;

1986-1989 жылдар аралығында Ефимова Валентина Александровна;

1989-1992 жылдар аралығынды Байдусенов Ерлан Рашидович;

1992-1995 жылдар аралығында Рахимжанова Марьям Хамитовна;

1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ұжымды Мейрамова Гульсум Жумагалиевна басқарып отыр.

Мектептің алғашқы педагогикалық  ұжымының құрамы 29 ұстаз болса,  оқушылар саны 700 болды. Осы  жылдар аралығында 1195 түлек мектеп  ұясынан  ұшты. Олардың ішінде 4 түлек алтын медальмен, 8 түлек күміс медальмен бітірсе, 9 түлек ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды, 5 түлек «Алтын белгімен» және 2 түлек «Үздік аттестатпен»  бітірді.

Мектеп түлектері:

2007 жылы Ділдебаева Динара, 2011 жылы Ижбулатов Дмитрий, Ідріс Маржан, Достанбекова Сымбат, 2014 жылы Қапан Жадра «Алтын белгі» белгісін, 2011 жылы Ижбулатова Татьяна, 2014 жылы Ахметова Аида «Үздік аттестат» алды.

1997 жылы мектепке соғыс және еңбек ардагері, Қима аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, Жақсы және Қима ауданының білім саласын дамытуға үлкен үлес қосқан Ғұбайдолла Әбдірахманұлының есімі берілді. Ғұбайдолла Әбдірахманұлы 1925 жылы 12 сәуірде Торғай облысы Қима ауданы Еркіндік ауылында дүниеге келді. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Макинск ауданы Капитоновский ауылында еңбек жолын бастады. 1942 тамыз айынан бастап 1943 жылдың 8 ақпанына дейін Еркіндік ауылында бастауыш сынып мұғалім қызметін атқарды. 2002 жылдан бастап Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі ауданның ең үздік мектептерінің бірі болып саналады.

v    2003 жылы - облыстық сайыста «Жаңа  үлгідегі  ең үздік ауыл мектебі» номинациясы.

v    2003-2004 оқу жылы - ауданның «Үздік жыл мектебі».

v    2004-2005 оқу жылы - ауданның  «Үздік жыл мектебі».

v    2005-2006 оқу жылы - ауданның «Үздік жыл мектебі».

v    2006-2007 оқу жылы - «Ең үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы.

v    2007-2008 оқу жылы – ауданның «Үздік жыл мектебі», «Ең үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы.

v    2008-2009 оқу жылы - III орын,  «Ең үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы.

v    2009-2010 оқу жылы - ауданның «Үздік жыл мектебі», «Ең үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы. 

v    2010-2011 оқу жылы - ауданның «Үздік жыл мектебі», «Ең үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы. 

v    2011-2012 оқу жылы - ауданның «Үздік жыл мектебі», «Ең үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы. 

v    2012-2013 оқу жылы - IV  орын.

v    2013-2014 оқу жылы - IІ  орын, «Ең үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы.

v    2014-2015 оқу жылы - ауданның «Үздік жыл мектебі».

v    2015-2016 оқу жылы - облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» сайысының 2-орын иегері.

Просмотров: 428


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст