«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құттықтаймыз!!!

15.11.2018

Оқушы дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.

Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Дарынды, таланты бала баланы шыңдау, қабілетін дамыту - ата- ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісі деп айтуға болады. Осындай ата –ана мен мектептің бірігіп жасаған нәтижелі жұмысының бірі – оқушылардың ғылыми жобалармен айналысуы. 29 қазанда, Көкшетау қаласында 1-8 сынып оқушылары арасында өткен облыстық «Зерде» ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалар сайысында мектебіміздің оқушылары: 8 «А» сынып оқушысы Касымбекова Дильназ бен 7 «А» сынып оқушысы Асылкулова Мадина ІІІ жүлделі орынды иеленді.

Жоба тақырыбы «Мектеп оқушыларының көркем әдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын арттыру», жетекшісі кітапханашысы Есенгулова Тогжан Сейткереевна.

Мектебіміздің жүлде қорын көбейтуге атсалысып, мектебіміздің мәртебесін көтеруге үлес қосқан Есенгулова Тоғжан Сейткереевнаны, Касымбекова Дильназды, Асылкулова Мадинаны және ата-аналарымызды бірлесіп жасаған жемісті жұмыстарымен құттықтаймыз!!!

Мектебіміздің талантты, дарынды оқушылары көп болсын!!!

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст