Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында "Воlashag ѕагаіу" сарайында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған "Өзгерістер толқынында" өңірлік форумы өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы А. Рахимов, Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Б. А. Жүсіпов, сот және қадағалау органдарының басшылары, қоғам, саяси партиялар, бизнес - құрылымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Форум жұмысы барысында спикерлер қоғамның негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды дәріптеудің, өскелең ұрпақ арасында парасаттылық пен құқықтық сананы қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Форум аясында Атбасар, Жақсы, Зеренді және Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарының отбасылық клубтарының басшылары "Үй ошағының жылуы мен жарығы" атты тақырыптық көрме ұйымдастырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл аумақтық департаментінің басшысы А.Рахимов "Парасатты отбасы" Үздік эссесіне облыстық байқаудың 12 жеңімпазын дипломдармен және сертификаттармен марапаттады.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған өңірлік форумды " Жыл отбасы "облыстық байқауының жүлдегерлері Біржан Сал ауданынан келген Әлжановтар отбасы Н. Айтұлының сөзі мен Ж. Дәулеттің музыкасына жазылған "Қазақтай ел?!" патриоттық әнімен аяқтады.
Жақсы ауданы атынан біздің мектебіміздің «Нұршуақ» отбасылық-қарым қатынас клубының жұмысы ұсынылып, ата-аналар мен оқушылардың қолөнер бұйымдары көрермендер назарына көрсетілді.