Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Бүгінгі күні қазақ халқының басына түскен үрейлі оқиғадан кейін мемлекетіміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы халық үшін жаңа серпін, жаңа мүмкіндік, жаңа өзгеріс пен даму мен қолдау беретіні сөзсіз. Президентіміз халықтың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, алдағы уақытта әскери бағытта көп өзгерістер енгізу керектігі туралы айқын айтты. Әсіресе, өскелең ұрпақ бойына әскері борыш өзектілігін сіңіру қажет деген ойы еліміздің ертеңін ойлайтын болашақ жауынгерлерін толғандырады деп сенемін. Мен, отбасы клубының жетекшісі ретінде елімізде «Қазақстан халқына қоры» ашылатынына өз үндеуімді қосамын. Шыныменде, әлеуметтік топтағы балалар мен отбасыларға үлкен көмек болатыны айдан анық. "Бұл - халық қоры. Ол әкімшіліктің немесе үкіметтің жанынан құрылмайды. Беделді бақылау кеңесі құрылады. Адал, жауапты басшы тағайындалады. Оның қызметі толығымен ашық болады, қоғамға есеп береді. Жоспарлары, бюджеті мен жобалары сайтта жарияланады. Бүкіл ақпарат ашық болады", - деді қор жайлы президент.
Білім саласында өзгерістерге тоқталатын болсақ, Президент білім сапасын арттыру барысында тәжірибелі ұстаздардың маңызы зор екендігін атап өтті. Осы орайда өңірлерде бұл бағытта жұмысты күшейту керетігі туралы айтты.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауындағы айтылған тапсырмалар мен жоспарларын еліміздің әрбір азаматы аса жоғары жауапкешілікпен орындаса, әрине нұр үстіне нұр болар еді. Еліміз аман, отанымыз тыныш болғай! Күшіміз бірлікте!
Омарова Асемгуль Бакировна, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары