«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көңілді сөре

26.01.2022

     25-қаңтар күні мектебіміздің көркемеңбек пәнінің мұғалімдері Көлбай Б пен Хамитова А. А. Жаратылыстану-математика пәндерінің апталығы аясында 5-6 сыныптар арасында "Көңілді сөре" атты эстафеталық ойын- жарысысын өткізді. Мақсаты - оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дәріптеу, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу. Ойын өте қызықты әрі қызу өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша 5 сыныптың "Сұңқар" тобы  жеңіске жетті. Екі топтың оқушыларына тәттілер сыйға тартылды.

Просмотров: 338

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст