Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
3-ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі Жуманова С.Е. өзін-өзі тану онкүндігі аясында 1-сыныпта «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында сабақ өткізді. Мақсаты - оқушылардың бойында қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және қамқорлық жасауға жетелей отырып, мейірімділік туралы терең мағлұмат беру.
Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Сабақ барысында білім алушыларға қайырымдылық, мейірімділік, адалдық, адамгершілік құндылықтары туралы толық мәлімет берілді. Оқушылар бір-біріне жүрекжарды тілектерін арнап, көңілдерін білдіріп, сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алды. «Мейірімділік», «адамгершілік» туралы алған түсініктерін сурет салу арқылы жеткізді. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Сондықтан, оқушыларымыз өзге біреуге жылылығын аямай, болашақта адамгершілікке жақын болып, адамдардан көмектерін аямай, қол ұшын берсе екен дейміз.