«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ертегі білгірлері

10.02.2022

    9 ақпан күні гуманитарлық бағыт бірлестігінің апталық жоспары бойынша 5-6 сыныптар арасында «Ертегі білгірлері» орыс ертегілері бойынша, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі- Муханжанова М.К., викторина өткізді.

    Мақсаты: Балалар ертегілердің атаулары, авторлары мен кейіпкерлері туралы білімдерін жалпылау  және бекіту; Ойлау, қиял, қызығушылық, зейінді дамыту; Ертегілер мен кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

    Оқушылар ойын барысында  «Знайки», «Сказочники», «Умники и умницы» деген топтарға бөлінді. Қатысушылар өздерінің команда  атаулары мен ұрандарын көремендерге таныстырды. Ойын барысында оқушылар жеңіске деген құлшыныстарын көрсетіп, ертегілер бойынша білімдерін ортаға салды. Жинаған ұпайларын санай келе,  жеңіске «Сказочники» тобы, ІІ орынға «Умники и умницы» және ІІІ орынға «Знайки тобы» иеленді. Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Просмотров: 257

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст