Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Жалпы ережелер
1. Металды қолмен өңдеу бойынша өз бетінше жұмыстарға жасы 16-дан аскан, тиісті дайындықтан, еңбекті корғау бойынша нұсқамалықтан, дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы жарамды оқушылар жіберіледі.
Мұғалімнің (оқытушының, шебердің) жетекшілігімен металды қолмен өңдеу жұмыстарына 5-сыныптың еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтан, дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы жарамды оқушылар жіберіледі.
2. Оқушылар тәртіп ережелерін, сабақ кестесін, белгіленген оқу және демалыс режимдерін сақтауы тиіс.
3. Металды қолмен өңдеу жұмыстары кезінде оқушыларға мынандай қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуі мүмкін:
- металл сынықтарынан зақымдану;
- ақаулы аспаппен жұмыс істеу кезінде жарақат алып қалу.
4. Металды қолмен өңдеу жұмыстарын жүргізгенде арнайы киімдер мен жеке қорғаныс кұралдары пайдаланылуы тиіс, олар: мақта-матадан тігілген халат, берет, көзді қорғайтын көзілдірік.
5. Оқушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, алғашқы өрт сөндіру құралдарыньң орнын білуге міндетті.
6. Жазым оқиға жағдайы туралы зардап шегуші немесе оған куә болушы тез арада мұғалімге (оқытушыға, шеберге) хабарлауға міндетті, ол бұл туралы мекеме әкімшілігіне хабарлайды. Жабдық, құрал және аспап бұзылған жағдайда жұмысты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге (окытушыға, шеберге) хабарлау керек.
7. Оқушылар жұмысты жүргізу тәртібін, жеке гигиена ережелерін сақтауы тиіс, жұмыс орнын таза ұстауы керек.
8. Еңбекті қорғау бойынша нұсқамалыкты орындамаған немесе бұзған оқушылар жауапкершілікке тартылады; барлық оқушылармен еңбекті қорғау жөнінде жоспардан тыс нұсқамалык өткізіледі.
II. Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
1. Арнайы киімді дұрыс кию (алжапқыш немесе халат пен баскиім - берет, мұнымен қатар шашты ұқыппен жинастыру керек).
2. Металды кескенде көзілдірік кию.
3. Инвентарьды түгенде (күрекше, сыпырғы, егеулерді тазартуға арналған щетка, отырғыш, тоспа торкөз).
4. Жеке пайдалану аспаптарының жағдайын тексер, оларды мұғалім белгілеген ретпен бұлжытпай қойып шық. Аспаптардың ақауы болған жағдайда бұл туралы мүғалімге хабарла.
5. Шеберүстел қыспақтарының жағдайын тексер (қыспақтардың еріндері мықтап бекітілген, кертігі қажалмаған болуы керек).
III. Жұмыс кезіндегі кауіпсіздік талаптары
1. Өңделетін детальды қыспаққа мықтап бекіт. Қолыңды жарақаттап алмау үшін қыспақтың тұтқаларын төмен қарай бір қалыпты түсір. Жұмысты дұрыс, жаксы ретгелген аспаптармен ғана орында, жарақат алып қалмау үшін мыналарды бақылау кажет:
- балғалардың, зілбалғалардың басының жапырылмаған, дөңес болуын;
- артқы жағы үшкір аспаптардың (егеулердің, т. б.) бекітілген пішінде, жарылмаған және сызат түспеген, нығыз орнатылған ағаш тұткалармен жабдықталғанын;
- соғып кесетін аспаптардың (темірқашау, шапқы, кернер, крейцмейсель, т. б.) үстіңгі бетінің жалпаймағанын;
- темірқашаудың ұзындығы 150 мм-ден кем болмауын, сонымен бірге оның созылған бөлігінің 60-70 мм болуын;
- егеумен жұмыс істегенде саусақтарыңның егеудің жоғарғы жағында болуын;
- кесілген үстіңгі беттің сапасын саусақтарыңмен тексерме;
- аузы гайкадан үлкен кілттерді пайдаланба, кілттің тұткасын екі кілтті қосу (айқастыру) арқылы ұзартпа;
- слесарьлық аспаптарды олардың тікелей қызметіне ғана пайдалан;
- металдарды кайшымен кескенде олардың кесілетін жалпақ бөлігін колғап киіп ұста.
IV. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары
1. Аспаптардың жағдайын тексер, олар бүзылған жағдайда мұғалімге хабарла.
2. Аспаптарды дұрыс жағдайға келтір (балғадағы, темірқашаудағы, кернердегі кылауларды альш таста; егеулерді жоңқалардан тазарт).
3. Жұмыс орныңды мұқият жинастыр (жоңқалар мен үгінділерді үрлеме және қолыңмен сыпырма). Қалдықтарды арнайы жәшікке сал.
4. Аспаптарды мұғалім белгілеген ретпен қой. Қыспактардың еріндеріндегі кертіктер бүлінбеуі үшін оларды нығыздап қыспа, 1-2 мм саңылау қалдыр.
5. Үсті-басыңды ретке келтір. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.
V. Апатты жағдайлар
1. Аспаптарда ақау пайда болганда бұл туралы мұғалімге (оқытушыға, шеберге) хабарлау қажет.
2. Жаракат алған жағдайда бұл туралы тез арада мұғалімге (оқытушыға, шеберге) хабарлап, зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсету керек, қажет болған жагдайда оны жақын маңдағы емдеу мекемесіне жөнелту және мекеме әкімшілігіне хабарлау қажет.
Колбай Б.