«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде өткізілген мектепішілік «Мұғалім-2019» спартакиадасы

14.02.2019

   Мектебімізде мұғалімдер арасында тоғызқұмадақ, теннис, шахмат, шашки, волейболдан секциялар өтеді. Биылғы жылы мұғалімдеріміздің спортқа деген қызығушылығы өте зор. Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мұғалім-2019» спартакиадасы өткізілді. Спартакиаданың ашылу салтанатында ұстаздарымыздың  қатысқан спорт шараларының бейнефильмі, дене жаттығуларына  арналған флешмоб  би түрлері көрсетілді. Ашылу салтанатында мектебіміздің директоры Мейрамова Гулсум Жумагалиевна ұстаздарымызды құттықтады.  Бұл спартакиада спорттың тоғызқұмалақ, шашки, шахмат, теннис, волейбол түрлерінен өткізілді.

   Ұстаздарымыз барлық спорт түрлерінен қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ; спорттың волейбол ойыны бойынша 2 команда қатысты. Сонымен шашки ойыны  түрі бойынша Сулейменова Роза Аягановна 1 орын, Сейдахметова Роза Крыкпаевна 2 орын, Турлыбекова Тлектес Кабиденовна 3 орын. Шахмат ойын түрінен Ериков Кабижан Зейнелкабиденұлы 1 орын, Варанкин Евгений Юрьевич 2 орын, Домнаева Мадина Дулатовна 3 орын. Тоғызқұмалақ ойын түрінен Колбай Бекболат 1 орын, Сыздыкова Ботагоз Амангельдиновна 2 орын, Самурат Нүрегүл 3 орын. Теннис ойыны түрінен  Сыздыкова Ұлданай Хидиралиевна 1 орын, Балатаева  Елена Эдуардовна 2 орын, Сүлеймэн Еркегул 3 орынға ие болды.

   Мектебімізде өткізілген спорттық ойын түрлерінен орын алған ұстаздарымызды шын жүректен құттықтап, аудандық «Мұғалім-2019» спартакиадасында жүлделі орын алуларына тілектеспіз.

 

Есенгулова Т.С.

Просмотров: 447


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст