«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әлем елдеріндегі білім саласына қатысты 7 ерекшелік

18.02.2019

       Бүгінде білім саласында жаңалық өте көп. Мәселен, білім реформасын дамытуда әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар.  Бірақ бәріне ортақ бір нәрсе:  әлемде үлгілі мектеп жоқ. Тіпті Франция, Жапония мен АҚШ-та тұратын оқушылардың мұғалімдерге көңілі тола бермейді. Өйткені осы аталған елдердегі оқу жүйесі де, оқушылардың білімін бағалау да әртүрлі.  Әлем елдерінде білім жүйесі қалай дамиды, бізден айырмашылығы бар ма?

       Италияда 13 жылдық оқу жүйесі енгізілген Басқаларға қарағанда, Италияда оқушылар 13 жыл оқытылады. Осы жылдың ішінде мектепті екі рет ауыстыру керек.  Дағдыланған әдет бойынша Италияда мектеп формасын кию міндетті емес. Салтанатты кештерді ұйымдастырудың да қажеті жоқ. Италияның мектептерінде 5 жылдық оқудан кейін 11 жасқа толған балалар орта оқу жүйесіне ауысады. Бұл  – басқа білім ордасы, өзге мұғалімдер  мен сыныптастары болады деген сөз. Бір қызығы, бұл тағы да бірінші сыныптан басталады. Одан арғы  өмір — лицей. Италиядағы лицейдің барлығы салалық болып келеді. Сондықтан 14 жасқа келген бала әрі қарай не істеуі керек, қайда барып оқығаны дұрыс, осы жөнінде ойлана бастайды. Бірақ ата-аналар мен оқушылар 14 жасты ерте деп санайды.

         Франция:20-балдық бағалау. Басқа елдегі оқу саласымен салыстырғанда, Францияның өзгешелігі бар. Мұнда білім  20 балдық  жүйесімен өлшенеді. Шындығына келгенде, бұл жүйе сапалы білім деңгейін көрсетеді және нақтылықты білдіреді, оған «жүрдім-бардым» қарауға болмайды. Францияда балалардың үлгерімі туралы табель әр семестр сайын ата-аналарға пошта арқылы жіберіліп тұрады. Мұнда барлық пән бойынша 20 балдық жүйеде есептелген орташа бағалары көрсетіледі. Мысалы -14,72. Ата-аналарға тек бұл мәліметтер ғана емес, жеке бағандарда өткен семестрдің барлық пәннен алған бағасы көрсетіліп, оның оқудағы жетістіктерінің қаншалықты өсіп жатқандығы және әр пән бойынша сыныптың орташа бағасына қарап өз баласының басқалармен салыстырып, оқудағы  табыстылық деңгейін көре алады.

       Жапония: оқу жылы сәуірде басталады Бастауыш сыныпқа жапондықтар 6-7 жасында түседі. Ал оларда оқу жылы дәстүр бойынша сәуір айында басталады. Жапондықтардың ойынша, жаңа өмірдің басталуы үшін бұл – ең қолайлы мезгіл. Жапон мектебі үш деңгейден тұрады: бастауыш (Сё: ГаккоҮ),  орта (Тю: Гакко:) және жоғары (Ко: то: Гакко:)  деңгей. Олар бастауыш сыныпта алты жыл оқиды, орта және жоғары сыныпта білім алуға үш жыл кетеді. 

     Қытай: Жазғы демалыс бір айға созылады «Біз аман жүргенде оқимыз және өміріміздің соңына дейін оқимыз» деген қытайлық оқушылардың сөзі жай айтылмаған секілді. Себебі, жарты миллиардтан астам халқы бар елде жоғары білім алу – әлеуметтік сатыға көтерілудің бір ғана жолы десе болады. Қытай оқушысының оқу кестесі санитарлық ережеге де, адами тұрғыда да өте ауыр. Таңғы 5-те оянғаннан бірден өзіндік сабақтары басталады. 8.00-ден 16.00-ге дейін сабақтар,  16.00-ден кешкі 21.00-ге дейін – қосымша сабақтар. Жазғы каникул тамызда басталады және бір ай ғана беріліп, соның жартысы өзіндік дайындыққа арналады.

          Ұлыбритания: жақсы әдеп ережелеріне оқыту Ұлыбританияның көптеген мектебі, тіпті мемлекеттік мектептері де –пансиондар. Яғни, оқушылар тек сабақ оқып қана қоймай, сол жерде өмір сүреді. Егер британиялық бастауыш мектептерінде қоғамдастыққа көп мән берілсе, орта мектепте білім мен тәрбиеге басымдық береді. «Білім беру» ұғымына тек оқыту ғана емес, риторика дағдылары, мәтін және ақпаратпен жұмыс, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын, өнерді – классиканы да, қазіргі өнерді де  түсінуге баулу кіреді. Ағылшын джентльмені немесе жас ледиді тәрбиелеу  — ең таңдаулы мектептерде жүргізілсе де, барлық мектеп қоғамда өзін қалай ұстау керектігіне терең мән береді.

       Финляндия: үлгерімі төмен оқушыларға назар аудару және жайлы ахуал  Финляндияның білім жүйесі осыдан 30 жыл бұрын ешқандай ерекшеліктерімен көзге түспеген. Ал қазір әлемдегі ең озық әрі тиімді білім беру үлгісін ұсынған елдердің  бірі болып саналады. Олардың білім саласы көп  сынға ұшырамайды. Тіпті финдік білім беру жүйесінің оппоненттік көзқарасындағы адамдарының өзі оның ең басты басымдығы «жайлылығында» екендігін мойындайды.

      АҚШ: Таңдау — өзіңде…  Америкалық мектептерде оқу тәртібі бірнеше категорияға бөлінген. Тіл және әдебиет, нақты және гуманитарлық ғылым, және тағы басқалар.  Жоғары сыныпта әр саладан қандай да бір кредиттік жүйені жинауың қажет. Кредит бұл – балл тәрізді оқушының білім деңгейін көрсететін баға. Нақты ғылым бойынша, сен 10 балл жинауың керек. 9 және 10 сыныптарда екі базалық математиканың әрқайсысынан 5 балдан жинауың бек мүмкін, қорытындысында  30 балл жинайсың. Одан жоғары балл жинауға тыйым салынбайды, ал 10 баллдан төмен жинасаң – диплом берілмейді. Осылайша, оларда бізге таныс өз бағдарламасы бар. Жалпы алғанда, АҚШ-та оқу өте жекелік сипатқа ие. 

 

Аканова А.Р.

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст