«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

0-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАНҒАН БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ ПӘНДЕР ОҚЫТЫЛАДЫ

21.02.2019

      Биыл 5 жастан бастап 0-сыныпқа қабылданған балалар «Әлiппе»/«Букварь» және «Математика» пәндерін оқитын болады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

       «Заң жобаларын әзірлеу аясында 5 жастан бастап 0-сыныпқа қабылдауды жүзеге асыру мәселесі пысықталуда. 0-сыныпты орта білім беру құрылымына енгізу қажет. Себебі бұл деңгей 5 жастан кем емес және 7 жастан аспайтын жас аралығы аясында «Бастауыш білім» білім берудің халықаралық стандарты жіктеуіші (БХСЖ) деңгейіне сәйкес келеді. 0-сыныпта ойын технологияларын қолдана отырып және бірінші сыныпқа көшу кезінде сабақтастықты қамтамасыз ететін балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Әлiппе»/«Букварь» және «Математика» пәндерін оқыту жоспарлануда.Балаларды 0-сыныпқа даярлау олардың еске сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын, қолдың ұсақ моторикасын, монологтік сөйлеу тілін, топпен және жұппен жұмыс жасай білуін, сондай-ақ баланың ерте жастан дамуы үшін маңызы зор коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында 1-сыныптың оқу бағдарламалары 0-сыныптың оқу бағдарламаларының енгізілуін ескере отырып, қайта қаралатын болады. 0-сыныпта жұмыс жасайтын барлық педагогтер арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

   «2018 жылғы 5 қазаннан Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында Мектепке дейінгі білім беру сапасын жоғарылату бойынша жол картасы әзірленді. Онда бірыңғай біліктілік талаптарын, ұлттық біліктілікті тестілеуді енгізу көзделген және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен басқа да жұмысшыларының еңбекақы жүйесі қайта қарастырылған. Сондай-ақ, 0-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасайтын педагогтерге тиісті қосымша ақы қарастырылатын болады.

Сулейменова Р.А.

Просмотров: 471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст