«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген ата-аналар жиналысы

21.02.2019

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 16-ақпан күні ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру.

     1-4 сынып ата-аналары арасында бастауыш сынып мұғалімі Балатаева Елена Эдуардовна «Бала тәрбиесіндегі жетістік – мектеп пен отбасы ынтымақтастығында» тақырыбында баяндама оқыды. Өзінің сөзін Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөздерімен бастап, ұрпаққа дұрыс тәрбие беру – мектеп пен отбасының ортақ мәселесі екеніне тоқталып, бастауыш білім үздіксіз білім беруберудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі іс екенін айтты. Бастауыш мектеп балаларына белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйретуге назар аудару қажет екендігі туралы сөз қозғады.

       Қозғаған мәселелерді практикалық түрде бекіту мақсатында 1-сынып жетекшісі Аширханова Ботакоз Куанышпаевна ата-аналарға мәселелі сұрақ қою арқылы пікірлерін біліп, түйін жасап отырды. Ата-аналар бұл бөлімде белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, пікірлермен алмасты.

        Жиналыстың қорытынды бөлімінде «Ұл болам десең, ұл-қызыңды тәрбиеле» атты бейнежазба көрсетіліп, түйін жасалды.

       5-8 сынып ата-аналары арасында психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында шағын бейнежазбадан бастап, әрі қарай 5 «А» сынып жетекшісі Сыздыкова Ботагоз Амангельдиновна «Қатыгез бала қайдан шығады» тақырыпта баяндама оқып, қазіргі уақытта балалар өздері құмартқан ойындарды смартфондарына жүктеп, ойындары атыс-шабыс, бірі-бірі өлтіру, пышақтау, төбелесу секілді функциялардан тұратыны туралы айтты. Әрине бұл баланың психикасына кері әсер ететіні сөзсіз. Үйде ата-анадан жөнді тәлім алмаған баланың бойында мейірімділік, адалдық дегшен қасиеттер болмауы да мүмкін. Осы тұста ата-ана баланың болашағына бейжай қарамай, дер кезінде олардың тәрбиесіне баса назар аудару абзал қажет екендігіне тоқталды. 

     7-сынып жетекшісі Сүлеймэн Еркегүл ата-аналар назарына бейнежазба ұсынып, ата-аналар арасында қызықты диалог жүргізді. 5 «Ә» сынып жетекшісі Самурат Нұрегүл педагогикалық ойын жүргізіп, ата-аналар  кесте толтырды.  Одан әрі «Арқаға арқа» психологиялық тренинг орындап, кері байланыс жасалып, қорытынды жасалды.  

       8-11 сынып ата-аналары арасында жиналысты 11-сынып жетекшісі Садвакасова Гүлбану Сламияновна жүргізді. Байдиллаева Патима Қабылбековна «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Өзінің баяндамасында баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында, қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты екенін тоқталды. «Зорлық-зомбылық» тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беруі, ол адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет екенін айтты. Адамның ең басты құндылығы – оның бостандығы, олай болса, оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеу аса маңызды іс екенін айтты.

        Әрі қарай аталған тақырыпта ата-аналар зорлық зомбылықтың алдын алу жолдарын айтып, ойларымен бөлісті. Гүлбану Сламияновна әр бөлімді қорытындылап, түйін жасап отырды. Жиналыс соңында қысқа бейнефильм көрсетіліп, Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулық сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық- зомбылыққа күрес жүргізу екені басшылыққа алынды.

     Мінекей, әрине осындай сәтті жұмыстардың нәтижесінде егеменді еліміздің жас ұрпағы көзі ашық, көкірегі ояу, рухы биік тұлға болатындарына біз кәміл сенеміз!

 

   Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары       Омарова А.Б.

Просмотров: 1513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст