Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының ( 1, 2, 3, 4 сыныптар) ата-аналарының жиналысын өткізу тәртібі
Тақырыбы: «Тәрбие мен білім егіз»
Күн тәртібінде:
1. Баяндама: «Бала тәрбиесіндегі жетістік –мектеп пен отбасы ынтымақтастығында»
Баяндамашы: бастауыш сынып мұғалімі: Балатаева Елена Эдуардовна
2. Тақырып бойынша ата-аналарға топтық тапсырма ұсыну:
1-ші топтың тапсырмасы: «Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?»
2-ші топтың тапсырмасы: «Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде,атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?»
3-ші топтың тапсырмасы: «Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?»
4-ші топтың тапсырмасы: .«Баланың өскенде жақсы,өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз,көзқарасыңыз қандай?
3.Тренинг: Гүл күлтешелеріне шынайы тілек –лебіздерін жазып, топтармен алмастыру (топтар бір-біріне)
4. Бейнежазба: «Ұлт болам десең ұл- қызыңды тәрбиеле»
5. Рефлексия. Кері байланыс: Стикерлерге ата- аналар тілектер мен ұсыныстар жазу.
6. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отырып:
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны таныр қиядан
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы - жаман болса бала солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен жиналысымызды аяқтаймыз.
Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет, сау болыңыздар!
Қошемет, қол соғайық!
Аширханова Б.К.