Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім мен тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту – қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуальдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі» деп «Білім туралы» заңда жазылған. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деп ұлы ғұлама Әбу Насыр әл Фараби айтқандай, тәрбие болмаған жерде мәдениет қайдан болсын?!
Қазіргі таңда жастар жаңа технологияға өте бейім. Мектептегі сәтінен бастап балаларға ата-аналары барлық жағдай жасайды. Компьютер, ұялы телефон, теледидар. Әрбір ата-ананың ойы: баласы еш нәрседен кенде болмасын, қатарынан қалмасын, заманауи техниканы өз дәрежесінде қолдана білсін дейді. Әрине, бұл – дұрыс та. Теледидардан «XXI ғасыр көшбасшысы», «Қолөнер», «Өнертапқыштар» сияқты дүниетанымды кеңейтетін бағдарламалар көрсе,жасөспірімнің білімін, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытады. Баланың тәрбиесі атанадан басталады, осы дүниеге келген бала үшін ата-ана өте жауапты болуы керек. Баланың өмірге көзқарасы, сөйлеу мәдениеті, этикасы, өзін-өзі ұстауы – бәрі үй тәрбиесіне өте байланысты. Мектептегі оқушыларға «Оқу мен тәрбие - егіз» деген нақыл сөзді ұстануымыз қажет. Бұл кезеңде балаға берілген сапалы білім, саналы тәрбие – оған өмір бойына азық.
Ұлы Абай атамыздың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дегеніндей, қазіргі заманауи дәуіріміздің азаматтары жалпы дүниетанымы, оөрісі, көзқарасы кең, жан-жақты біліммен толыққан, өмірлік белсенді ұстанымы және алдына қойған арман-мақсаты бар, жоғары деңгейлі мәдениетті азамат болуы тиіс деп ойлаймын.
Байдиллаева П.К.