«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адам денсаулығы – қоғам байлығы

11.03.2019

   Бүгінгі таңда жасыратыны жоқ, жаман әдеттер көбейіп келуде. Оларға шылым шегу, ішімдік қолдану және нашақорлықты жатқызамыз. Оның адам өміріне тигізер пайдасы да жоқ. ашындыратыны – еркегі де, әйелі де, кәрісі де, жасы да осы жаман әдеттерге үйір болған.

   Адамдар шылымның өзін жұмыс үстінде, үзіліс кезінде, далада, зеріккенде, қарны ашқан кезде немесе тоқ кезінде де шегуден бастайды. Ересектерге еріп жастар да темекіге әуестене бастауда. Үлкені де, кішісі де бірдей әуестенетін осы темекіде не бар? Онда қызықтырарлық ештеңе де жоқ. Керісінше, нерв жүйесін, асқорыту жолдарын, жүрек-қан тамырларын бұзатын «никотин» деген у бар. Шылымның түтіні автомобильдің шығаратын түтінінен 4 есе зиянды. Бір түтіннің өзі осындай зардап әкелетін болса, ол ішкі ағзаға барғанда бүкіл жүйені қалай бұзатынын елестетудің өзі қорқынышты.

Шылым – асқазан жарасына, аяқ гангренасына, өкпенің қарайып кетуіне себепші. Бұл – шылымның зияны туралы айтылған аз ғана ақпарат. Бір сөзбен айтқанда, адам ағзасындығы органдар бір-бірімен байланысты, сондықтан шылым бүкіл дене системасын бұзады. Бір темекі адам өмірін 12 минутқа қысқартады. Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар, өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Негізінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады. Жастар шылым шегудің орнына өз сүйікті істерімен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанса, қоғамға пайдасын тигізіп, көптеген спорттық үйірмелерге қатысып өзін баулыса, мүмкін бұл әдетке әуестенбес пе еді? Өмір деген адамға берілген ғажайып бір сый, оны әр-бір жас дұрыс қолдана білсе де зор бақыт.

Аширханова Б.К.

Просмотров: 1560


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст