«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шұғылалы 8-наурыз мерекесі

14.03.2019

Әйел-Ана ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне, бір сөзбен айтқанда ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, дарытушы, дамытушы.

«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ» - деген Елбасымыздың сөзі ұлттық салт-дәстүріміздің ерекшелігін айғақтайды.

    Тарихымызға көз жүгіртсек те, бүгінгі күннің биігінен көз тастасақ та біздің ақ жаулықты әжелеріміз бен ардақты аналарымыз, жауқазындай жайнаған қыздарымыз да небір қиыншылықтарды бастарынан өткізіп, адам таңғаларлықтай, тек қана өздеріне тән шыдамдылықпен, өжеттіліктерімен көзге түсіп, абыроймен жеңіске жетіп отырды.

    Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 5-7 наурыз күндері ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар үшін мерекелік бағдарламалар әзірленіп, құттықтау сөздер жолданды.

      5-наурыз күні 1-4 сынып оқушылары ата-аналарына әдеби монтаж арқылы жылы лебіздерін білдіріп, 2-сынып оқушылары қызықты көріністер ұсынып, концерттік бағдарлама тамаша әндермен жалғасты. 4-сыныптардың бишілер тобы заманауи биін көрсетіп, көрермендерді қызықтыра алды. Шараны қорыту мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Жуманова С.Е. ата-аналармен тамаша сергіту сәтін өткізді.

    6-наурыз күні 5-10 сыныптардың арасында «Көктем аруы» сайысы өткізілді. Сайыс келесі кезеңдерден тұрды:

  1. Таныстыру
  2. Өз өнерін көрсету
  3. Сәнді киім үлгісін көрсету.

   Барлық қатысушылар өте жақсыдайындалған екен. І кезеңде 7-сынып оқушысы Ибрашева Жасмина ерекшеленсе, 2-кезеңде Қуанышбай Нұрай өзінің биімен көрермендерді баурап алды. Аса дарынды қатысушылардың бірі – Шахманова Диана да, жиналған қауымды әсем суретімен таң қалдырды. 8-сынып қатысушысы – Касымбекова Дильназдың  сән үлгісінің таныстыруы ерекше болды. Сайысты қорытындылай келе, 5-6 сыныптар арасында «Көктем аруы» атағына 5 «А» сынып оқушысы Көпжасар Аяжан ие болса, 7-10 сыныптар арасында Ибрашева Жасмина «Көктем аруы» атағын жеңіп алды.

   Оқушылар тарапынан ұстаздарға арналған мерекелік құттықтау да өте жақсы ұйымдастырылды. Әр әжеге, анаға, аруға арналған ерекше құттықтау әрқайсының жүрегінен өшпес орын алғандай. Бағдарлама сазды әуен, әдемі билермен жалғасын тапты.

      Осылайша, ерлер ұжымы, оқушылар,  әйелдер мен арулар қауымын құттықтап жүрек жарды тілектерін арнады.

 

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары              Омарова А.Б.

Просмотров: 399


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст