«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепалды даярлық сыныбында жаңа технологияларды қолдану

20.03.2019

       Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Қазіргі кезеңде білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы.

        Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру- басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты-мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуін талап етеді.

        Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түрі бар. Солардың ішінде менің өз ұйымдастырылған оқу-қызметі барысында сабақ тақырыбына байланысты бірнеше технологияларды және әдістерді қолданып келемін.

 

 

Ойын технологиялары

        Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ойын іс-әрекеті тұтас коммуникативті-ойын ортасында кіріктірілген білімдері негізінде жинақталатын ұғымдарды меңгеру үшін дербес технология ретінде қолданылады. Ойын әдісі басқа әдістерден айрықша ерекшеленеді, ол балаға зерттелетін құбылыстың қызметіне қатысуына, біршама уақыт «нақты» өмірлік жағдайларда өмір сүру мүмкіндігін береді. Ойын әдісінің ерекшелігін айтарлықтай деңгейде ойын ортасы анықтайды. Балалармен жұмыс барысында ойындар: бөлме, көше, компьютер, заттармен және заттарсыз, үстел үстіндегі баспа, басқару тетігі бар ойындар және т.б. қолданылады. Ойын технологияларының мазмұнына ойын іс-әрекетінің басқа да тәсілдерімен үйлесімділігінде түрлі компоненттерді қолдану кіреді: сұрақтар, нұсқаулар, түсіндірмелер, анықтамалар, көрсетулер. Оқытудың ойын түрін ұйымдастыруда балаларды танымдық іс-әрекетке ынталандыруға қозғаушы құрал ретінде ойын уәждемелерінен құрылады. Заманауи ойын технологиялары күрделі ойлау операцияларын шешуді болжайды: трансформация (аударма, таңбалар мен сөздер), түсіндіруге арналған міндеттер (мағынасын, мәнін және т.б. түсіндіру). Дидактикалық ойындарды комуникация білім саласында, логикалық ойындарды таным білім беру саласында, қимыл-қозғалыс ойындарын денсаулық білім саласында қолданамын.

Ақпараттық технологиялар

        «Заманауи ақпараттық технологиялар баланы қоршаған ортаның терезесі секілді» Ақпараттық технологияларға барлық арнайы техникалық ақпараттық құралдарын қолданатын технологиялар жатады. Ақпараттық-коммуникативті технологиялар  жаңа білім беру тәсілдерін анықтайды. Олар баланың дамуы мен оқытудың сапалы жаңа мазмұнына сәйкес келеді. Ақпараттық технологиялардың көмегімен ақпараттармен жұмыс істеу іскерліктері қалыптасады, коммуникативті қабілеттері дамиды, «ақпараттық қоғамды» табуда тұлғаны дайындау жүзеге асырылып, зерттеушілік іскерліктері мен тиімді шешімдерді қабылдау қабілеттері қалыптастырылады. Ақпараттық-коммуникативті технологияларды дәстүрлі тәрбиелеу және оқыту әдістемелерімен, сонымен қатар, педагогикалық инновациялармен үйлесімді біріктіргенде оқытудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға, қоршаған ортаны тұтастай қабылдауын қалыптастыруға мүмкіндіктер туғызады. Компьютерлік технологияларды қолдану жеке алған білімдерін емес, тұтас, бірімен тікелей байланысты, мөлшерленген және арнайы ұйымдастырылған жүйені болжайды. Қоғамның заманауи талаптарына сәйкес Ақпараттық-коммуникативті технологиялар  қолдану білім беру қызметінің сапасын арттыруға, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңа перспективалық мүмкіндіктерімен толықтырып, кеңейтуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған ақпараттық технологиялардың мазмұнына жаңа буын техникалық оқыту құралдары енеді: - компьютер, проектор, экрандар, сенсорлық интерактивті тақталармен жабдықталған мультимедиалық кабинеттер; - компьютерлік дамытушы ойындар; - балаларды оқытуда педагогтерге айтарлықтай мүмкіндіктерін арттыратын анимация элементтері бар видео және фото материалдар. Мектепке дейінгі сабақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, олар дыбыс және видеожазбаларды, үлкен иллюстрациялы материалдарды қолдана отырып, сезімге толы болуы тиіс. Бұның бәрін мультимедиалық мүмкіндіктері бар компьютрлік техника қамтамасыз ете алады. Бұл жерде компьютер педагогты ауыстырмай, тек толықтырып тұруы тиіс. Сондықтан компьютерлік технологияны білім беруге ендіру – қисынды және заманауи ақпараттық әлемді тұтастай дамытуға қажетті адым. Сонымен, есту және көру арқылы әсер ете отырып, мультимедиалық технологиялар жаңа мүмкіндіктер мен ақпараттар алуға жағдайлар жасайды. Бірақ, дидактикалық құрал ретінде қолданылатын заманауи ақпараттық технологиялар сабақта балаларды қоршаған ортамен таныстыру барысында оң нәтижеге тек жасына сәйкес жұмыс түрлері мен әдістерін тапқанда ғана қол жеткізеді. Менің іс-тәжірибемде сиқырлы қалам дидактикалық материалдарын қолданғанмын. Қағаз бетіндегі түрлі-түсті суреттерді көрсетуге қарағанда балалар көбіне сиқырлы қалаламмен өткізетін сабақтарға қызығушылық танытады. Балалардың интерактивті тақтадағы сергіту сәттері мен қызықты суреттерге назарын аударту анағұрлым педагог үшін ұтымды.

Проблемалық оқыту технологиясы

        Проблемалық оқыту технологиясы – баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін балаларға ұсынатын өзекті сұрақтар жүйесін жасап ұсыну қажет. Және де кез-келген сұрақ өзекті бола алмайды. Өзекті сұрақтың жауабы дайын емес немесе жоқ, оны бала өзі іздеп табуы қажет. Пайда болған мәселе баланы ойлануға оның жауабын іздеуге итермелеуі қажет. Бұл жерде балаға шешуге берілген өзекті сұрақ балаға шешуі қиын болуы, екінші жағынан баланың жасына оның сана-сезіміне, біліміне лайықты болуы қажет. Осындай өзекті жағдай туғызып, сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі болып табылады. Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Ал, үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде  дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Проблемалық оқытудың жақсы жақтары:

- балалардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

- білім алуға қызығушылығын арттырады;

- оларды өздігінен саналы ізденуге үйретеді;

- білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізеді.

       Өздігінен даму технологиясы – бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Мұнда оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады. Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Балабақшада сабақ болмайды әр күн жалпы жиыннан басталады және жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Әр баланың іс-әрекеті өз еңбегіне орай үлкендердің басқа бала тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе бала өзін- өзі бағалайды. Ынтымақтастық педагогикасы – педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау. Бұл технологияның негізгі мақсаты − баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

          Дамыта оқыту технологиясы – баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

Сыздыкова У.Х.

Просмотров: 1417


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст