Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! – дей келе биылғы төл Жаңа жылымызда жақсы жаңалықтар лайым көп болғай. Самарқанның көк тасын жібітіп, Жер–Ананың төсіндегі тіршілік иелеріне қайтадан жан бітіретін бұл күн біз үшін бәрінен айырықша. Түрік тілдес халықтардың Жаңа жылын Қазақстанда наурыздың 22-де атап өту дәстүрге айналған, бірақ исі қазақпын дегендер Наурыз мерекесін қарсы алу әдеттегі наурыздың 22-нен бұрынырақ, наурыздың 14-нен бастау алады. Мұны әлдебір тосын немесе өзгеше құбылыс деп қарауға болмайды. 14-ші наурызды «Көрісу (қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары іштей қамданып, жаңа жыл келіп жеткендей, жасына жас қосылғандай бір- біріне кезіккенде «Бір жасқа шығуыңмен», «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп бір-бірін құттықтап мәре- сәре болып жатады. Көрісу күні жасы кіші адамдар үлкен қарияларға барып баталарын алу жастарға парыз іспеттес. Ал үлкендер жағы кейінгілердің арнайы келіп көрісуін күтіп отырғандай. Сайып келгенде, көрісу сәттерінің жас ұрпақты адамгершілік-имандылық қасиеттерге баулитын тәрбиелік жағы басым екендігі айдан анық. Мақаламды көрісу салтымен бастап отырған себебім, ол бір күнмен шектеліп қалмайды, ол жыл бойы жалғаса береді. Яғни, қазақтың төл Жаңа жылы жалғасын табады деген сөз. Қазақтың ұлттық мейрамдарының ішінде Наурыз мерекесінің мән- мағынасы айырықша бағалы. Ұлттық мейрамның үлкен- кішіге берер тағлымы мол. Күн мен түн теңескенде «хан» деп, «қара» деп, адамдар арасындағы бөлінушілікке жол берілмейді. Наурыздың сәні- Наурызкөже, қазақтың салт- дәстүрін, ырымдарын, әдет- ғұрыптарын паш ету, дәріптеу. Сондай- ақ, адамдар да бір- бірімен құшақ түйістіріп, артық кеткен жерлері болса, кешірім сұрап, жан және тән тазалығына мейлінше мән береді. Міне, бұл –нағыз Жаңа жыл! Осы Наурыз мерекесіне орай Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің жанындағы шағын орталық пен даярлық сыныптарында «Наурыз – жыл басы» атты мерекелік іс- шара ұйымдастырылып ол жоғарғы деңгейде өткізілді. Іс – шараға балалардың ата – аналары белсенді қатысып, балаларға үлгі- өнеге етіп көрсететіндей қазақтың салт – дәстүрлерін көрініс ретінде шебер ұйымдастырды. Балалар ұлттық ойыны «Күш сынаспақ», «Арқан тарту» ойыны ойнатылды. Наурыз жырын жырлаймыз, онымен де тұрмаймыз.Шындалып жеткен бұл күнге ел дәстүрін сыйлаймыз! - дей келе ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, ортақ мақсат-мүдделерімізді жетелейтін ерлікті, ауызбіршілікті, қазақ халқының салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, ырым-тыйымдарын дәріптейтін, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, дәстүрімізді дәріптейтін келешек ұрпақтың болашағы жарқын болуға ат салысайық! Сонда ғана, бес саусақтың салаларындай, бір әулеттің балаларындай ауызбіршілікте салтты сақтап, дәстүрді дәріптеп қазақ халқының болашағы жарқын етпекпіз. Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға береке тілейміз!
Сулейменова Р.А.