«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің 2018-2019 оқу жылындағы ІІІ тоқсанның қорытынды есебі

31.03.2019

     Биылғы жылы мектепішілік көптеген іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараларға мектеп мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысты. Әдістемелік бірлестік өз жұмысын уақытылы жасап отырады. Барлық іс-шаралар әдістемелік отырыстарда қаралады. Биылғы жылы мектепішілік «Жігіт сұлтаны» сайысы ерлер арасында өткізіліп, жас маманымыз дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекмұрат Нұрсұлтан 1 орынды жеңіп алды. Сонымен қатар мектепішілік «Мұғалім-2019» спартакиадасы өткізілді. Спартакиада спорттың теннис, тоғызқұмалақ, шашки, шахмат, волейбол түрінен өткізілді. Бұл спартакиада барлық мұғалімдер атсалысты. Мектепішілік «Педагогикалық оқу-2019» сайысына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Құсайын Елжас Айтанұлы қатысып 3 орын, «Авторлық бағдарлама-2019» сайысына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аширханов Даулет Рамазанович қатысып 3 орынға  ие болды. Жас мамандар арасында мектепішілік «Педагогикалық дебют-2019» сайысы өткізіліп дене шынықтыру мұғалімі Бекмұрат Нұрсұлтан 1 орын, жас маман мектебіміздің психологы Турдахунова Айнур Қайролаевна 3 орын  иеленді. Айнур Кайроллаевна сонымен қатар инфоурок сайысына қатысып сертификатқа ие болды. Аудандық «Жастар жылы» аясында өткізілген «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты педагогтардың байқауында Турдахунова Айнур Кайроллаевна қатысып «Шығармашыл педагог» номинациясына ие болды.

     Аудандық  жарыстар мен сайыстарға да оқушылар қатысты.  «Болашаққа бағдар;  рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында өткізілген аудандық  «Жақсы дауысы-2019» вокалдық конкурстан «Болашақ» тобы  «Шығармашылық талант» номинациясына ие болды.   «Болашаққа бағдар;  рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» ұранымен жастар жылы «Ақмола жұлдыздары» аудандық халық шығармашылығы байқауына «Мұрагер» тобы қатысып лауреат дипломымен марапатталды. Сонымен қатар ер балаларымыз баскетболдан аудандық кезеңде 1 орынға иеленіп, облыстық кезеңде 4 орынға ие болды. Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша аудандық  «Отан қорғаушы» сайысына Тулегенов Ерболат қатысты. Сонымен қатар «Пчелка» ІV Қазақстандық қашықтық олимпиадасынан технология пәнінің мұғалімі Турлыбекова Тлектес Кабиденовнаның оқушысы Серикбаева Динара 7 сынып оқушысы 3 орын алды.  «Аккорд» ІV Қазақстандық қашықтық олимпиадасынан  музыка пәнінен  Султанбекова Аяулым 5 сынып оқушысы  3 орын,  Смакова Сабина, Қуанышбай Нурай, Қапан Алтын  6 сынып оқушылары 3 орынға ие болды.

 

Есенгулова Т.С.

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст