Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
13.03 күні мектеп кеңесінің отырысы өткізілді. Қаралған мәселелер: оқушылардың сырт келбеттерін қадағалау, қоңырау кезінде келеңсіз жағдайдың (жүгіру, төбелесу, т.б) алдын алу, жоспар бойынша наурыз айына іс-шаралар ұйымдастыру, аудандық сайыстарға дайындық жұмыстарын жүргізу, КВН, т.б жұмыстар қарастырылды.
Сонымен қатар, Жас Ұлан құжаттарын реттеу жұмыстары жүргізілді. 2018-2019 оқу жылында өткізілген іс-шараларды жинақтау, кіріс-шығыс қағаздарын, нормативтік құжаттарды ретке келтіру жүзеге асырылды.
Наурыздың 4-6 аралығында 8-ші наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарламаға дайындық жұмыстары жүргізілді. Әр сыныптан мерекелік бағдарламаға байланысты ән шашу, би билеу нөмірлері ұсынылды. Сонымен қатар, ұстаздар қауымына арналған құттықтау видеороликтері түсірілді.
06.03 күні 5-10 сынып аралығында «Көктем аруы – 2019» байқауы өткізілді. Байқау 5, 6, 7 сыныптар аралығына және 8, 9, 10 сыныптар аралығына жіктелді.
Байқаудың мақсаты: әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Байқау төмендегідей 3 бөлімнен тұрды:
1) «Таныстыру»
2) «Өз өнерінді көрсету»
3) «Көктемгі сән үлгісі» (табиғи материалдан жасалған)
Нәтижесінде 3-ші орынды – 8 «А» сыныбы, 2-ші орынды – 5 «Ә», 10 сыныптар, және 1- ші орынды – 5 «А», 7 «А» сыныптары иеленді.
Алайда, 9 «А» сыныбы қатысқан жоқ. Сынып жетекшісіне тиісті ескертулер жасалды.
8-ші наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама наурыздың 7-сі күні өткізілді. Әр сыныпта мерекеге орай құттықтаулар әзірленіп, дәмді столдар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жалпы ұстаздар қауымына мектеп белсенділері концерттік бағдарлама, видеотүсірілімдер ұсынды.
Наурыздың 13, 14, 15 аралығында «Қош келдің, Әз Наурыз!» мейрамына арналған дайындық жұмыстары жүргізілді.
Дайындық барысында көктем мезгіліне байланысты мерекелік орынды әсемдеу жұмыстары жүзеге асырылды. 10-шы сынып оқушылары – Шахманова Диана, Қуанышбаева Ажар, Толеубаева Айнұр жоғары белсенділік таныта, қолөнер туындыларын асқан шеберлікпен орындады.
18.03 күні «Қош келдің, Әз Наурыз!» мейрамы барысында 5-7 сыныптар түркі тілдес халықтарының ұлттарын ұсынып, олардың шығу тарихымен таныстырып, мәдени құндылықтарын, салт-дәстүрлерін көрсетті. Сайыс қызықты әрі мазмұнды өтті. Әр сынып үлкен жауапкершілікпен дайындалған екен. Нәтижесінде 1-орынға - 6-сынып, 2-орынға - 7-сынып, 3-орынға 5 «Ә» сынып, 3-орынға 5 «А» сынып иеленді.
8-11 сыныптар арасында мерекелік бағдарлама ретінде өткізіліп, оқушылар өнерлерін ортаға салып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, КВН әзілдерін ұсынды.
Сонымен қатар, наурыздың 19-ы күні аса қызықты шаралардың бірі - «Аяулы келін - 2019» сайысы болып табылды. Себебі, оқушыларды білім нәрімен сусындырған ұстаздар, бұл ретте көрермендерді келін ретінде таң қалдырды. Сайысқа 5 келін қатысты. Әр біреуі жақсы дайындалып, өз өнерлерін, ойларын ортаға салды. Нәтижесінде 1-орынға Балатаева Елена Эдуардовна, 2-орынға Муханжанова Меруерт Қайыргельдиевна, 3-орынға Сыздыкова Ұлданай Қыдыралиевна ие болса, ал Капашева Мадина «Инабатты келін», Жылқайдарова Алмагүл «Шебер келін» номинациясына ие болды.
Домнаева М.