«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елімізден шетелге барып білім алғысы келетін жастардың саны артып келеді

15.04.2019

   Елімізден шетелге барып білім алғысы келетін жастардың саны жыл сайын артып келеді. Мектеп түлектері мен студенттер көбіне батыс, оның ішінде Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында білім алуды қалайды. Былтыр Қазақстаннан шетелге 42 мыңға жуық адам қоныс аударған. Бұл Ұлттық экономика министірлігінің статистика жөніндегі комитетінің мәліметі. Олардың көбі көршілес Ресей, Беларусь одан әрі Германия және Америка Құрама Штаттарына кеткен. Түбегейлі қоныс аудармаса да Батыс елдерінде білім алуға талпынған жастардың саны да артқан.

   АҚШ иммиграция және кеден қызметінің келтірген деректері бойынша биыл наурыз айында Құрама Штаттарда оқып жүрген қазақстандық студенттердің саны 2528-ге жетті. Студенттеріміздің 30 пайызы жоғарғы оқу орындарында бакалавр дәрежесінде, 23 пайызы магистратурада және 8 пайызы доктарантурада оқып жүр. Ал 16 пайызы тілдік курстарда, 11 пайызы орта кәсіптік-техникалық колледждерде дәріс алады. Кей студенттердің сөзінше, жастардың елден кетуіне мұндағы білім жүйесінің әлсіздігі себеп. 

   Жалпы америкалық білім беру жүйесінің ерекшелігі - студенттер тек профессордың айтқанымен ғана жүрмейді. Жастардың өздігінен ізденіп, ғылыммен айналысуына барлық жағдай жасалған. Сондықтан шетелден келген студенттер америкалық оқу орындарының ерекшелігін, білім жүйесінің айырмашылығын бірден сезінеді.

   Ал сарапшылардың пікірінше, шетелдік жастардың АҚШ-қа барып білім алуына түрлі себеп бар. Ең алдымен, жас жеткіншектер халықаралық деңгейде танылатын сапалы диплом алуға талпынады. Себебі озық оқу орындарын тәмамдаған мамандарға жақсы табыс тауып, кәсібін дамытуға мол мүмкіндік ашылады.


Сулеймэн Еркеуль

Просмотров: 1237


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст