«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің шәкіртім – мектеп мақтанышы»

15.04.2019

Әсемпаз болма әр неге,

 Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Абай

    Бала, тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, жанұясынан алған өнегесі.

Ата – ана ұрпағымен, ұстаз шәкіртімен мақтанады демекші, мен сөз еткелі отырған бастауыш сыныпта менің қолымнан тәлім – тәрбие, білім алған шәкіртім Рахметқалиева Әнел Ерланқызы жайында. Бірінші сыныпты қабылдаған кезімде осы бір кіп-кішкентай сүйкімді қыз Әнел бірден көзіме оттай басылды. Сыныбымның балаларын әбден танып, мінез – құлықтарын, еркеліктерін, қай балаға қандай іс – әрекет, көзқараспен тіл табыса білу керектігін, дәлірек айтқанда әр баланың жүрегінің кілтін таба білу ұстаздың ұстамдылығы мен шеберлігінде. Балаға жылы сөйлеп, жүрегіне жол таба білсең, оның бойындағы барлық қасиеттерін ашып, шығармашылықтарын шыңдай аласың. Барлық шәкірттерім білімді шәкірт болып танылды, бірақ Әнелдің сабаққа деген ынтасы өте жоғары болды десем, қателеспеймін. Ізденімпаз, білуге құштар, жаңашылдыққа сергек шәкірт. Мектепшілік, аудандық, облыстық байқаулар мен сайыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленген. 2016 жылы 9 – шы сынып оқып жүріп барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, Елордамыз Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің білім алушысы болып қабылданды. Биылғы таңда Әнел сол аты атақты мектептің 12 - ші соңғы сыныбында оқып жүр. Тоқсан аралығындағы демалыс кезеңдерінде өзінің Қима ауылындағы алтын ұя мектебіне міндетті түрде бас сұғып, мектептің аяулы ұстаздарына сәлем беріп, өзінің жақсы да  жағымды жаңалықтарымен бөліседі. Әрине, әр ісі жинаңқы, тиянақты, ізденімпаз шәкірт біз үшін және мектебіміз үшін үлкен мақтаныш.

    Ия, осындай тәрбиелі, биязы, қарапайым қыз  бала тәрбиелеп отырған әкесі  Төлеуов Ерлан ауылымыздың өрт сөндіруші мамандығында жұмыс атқарып жүр. Анасы Төлеуова Айнагүл мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі. Үлкен атасы – Рақметқали мен әжесі Дәметкеннің де Әнелдің тәрбиесіне көп үлес қосқаны белгілі. Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын осы отбасы көпшілікке үлгі болуға лайық.

   Шәкіртім Әнелдің биылғы оқуын ойдағыдай аяқтап, Алматы қаласындағы ҚазМУ жоғарғы оқу орнының студенті атансам деген тілегі бар. Әр басқан қадамына сәттілік тілеймін!  Жеңістері, алар асулары көп болғай!

Аширханова Б.Қ.

Просмотров: 681


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст