Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау
Мақсаты: реттік санауды жалғастыру (5 санын көлемінде) сандық және реттік санауды ажырата алу, «қанша», «нешінші» сұрақтарына дұрыс жауап беру; цифрды сандық карточкамен және заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш сияқты геометриялы фигуралар туралы өткенді пысықтау
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық ойын
Қажетті көрнекі құралдар: интерактивті тақта, цифрлар карточкасы, торсық, домбыра, камзол суреті.
Шаттық шеңбер: Сәлемдесу
Дөңгеленіп тұрайық Достық үйін құрайық Математикамен дос болып Біз көңілді болайық. Білімді өзектендіру: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (көктем) Көктем айларын атандаршы? (наурыз, сәуір, мамыр)
Мотивациялық-қозғаушылық
Сандар қатарымен жұмыс істейміз. 1) Балалардың 1-ден 5-ке дейінгі сиқырлы сандарды рет-ретімен қойып шығуларын қадағалау.
2) Сандарды кері санау. 3) Сандарды орысша санау.
Балалар тапсырманы орындайды.
Ұйымдастырушылық
1-тапсырма
"Сыйлық" өлеңі
Тәрбиеші балаларға өлеңді оқып береді.
Шар – Маратқа,
Ал торсық – Қайратқа,
Домбыра – Азаматқа,
Камзол – Қымбатқа.
Содан соң тәрбиеші былай деп сұрақ қояды:
-Балаларға неше сыйлық жасалды?
Балаларға тапсырма береді:
Төртінші сыйлықты жасыл түспен, біріншісін қызылмен, екіншісін көкпен, төртіншісін сарымен бояу керек.
Нақтылайды:
-Суретте домбыра нешінші тұр?
-Торсық нешінші?
-Шар нешінші?
-Камзол нешінші?
«Жұмбақтар» ойыны
Бұл ойынды ойнау үшін 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар қажет.
Балаларға математикалық жұмбақтар жасыру.
Жұмбақты шешкен кезде, оның жауабын тиісті цифрмен көрсетуі тиіс.
Карындаштың бірі - Мақсатта, екіншісі –Ғабитте, балардың қолында барлығы неше қарындаш бар?
2-тапсырма
"Етік" өлеңі
Балаларға «Етікші» деген өлеңді оқып беру
Оның тіккен бұйымы,
Аяғынды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды.
-Етіктер жыртылып қалды, енді олардың әрқайсысына сәйкес келетін жамауды табуымыз керек. Етіктің жыртығына сай келетін жамаумен етіктің арасын сызықпен қосу керек:
-Етіктің жамаулары қандай пішінде?
Біріншісінің жауабы – дөңгелек, екіншісі-шаршы, үшіншісі-үшбұрыш, төртінші- тіктөртбұрыш, бесіншісі-сопақша.
Балалар тапсырманы орындайды.
«Санамақ» сергіту минуты Бас бармғым-әкем, Балан үйрек- анам, Ортан терек – апам, Шылдыр шүмек-Мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
3-тапсырма
«Дұрыстап қос» ойыны
Балаларға цифр жазылған шаршы мен карточкаларды ондағы заттар мен дөңгелектер саны, сол цифрға келетіндей етіп сызықпен қосу туралы тапсырма береу.
Балалар тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Балаларды мақтау. Балалардан сұрау:
-Сендер етіктерге қандай пішінде қиылған жамауды таңдадыңдар?
-1, 2, 3, 4, 5 цифрлары неше затты білдіреді?
Күтілетін нәтиже:
сандық және реттік санауды, реттік сандарды біледі
«қанша?», «нешінші?» сұрақтарына жауап беруді; заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табуды игереді
дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, сопақшаны тануды меңгереді
Сулйменова Р.А.