Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Шет тілін үйрену бізге жаңа мүмкіндіктер алып келетіні білгілі. Әлемде 6000-нан аса тіл бар. Кейбір тілдер өте маңызды болса кейбір шет тілдерінің аса көп маңызы жоқ. Неге? Себебі қай тілде әлемдегі адамдар көп сөйлесе сол тілдің маңызы зор болады. Сол тіл аса көп қолданысқа ие болады. Бұл фин тілінің финдіктерге немесе түрік тілінің түріктерге маңызы жоқ деген сөз емес. Әр ұлт үшін өз тілі қашанда алғашқы орында. Тек бұл тілдердің әлемдік деңгейде аз қолданылады.
Ағылшын тілін меңгерудің пайдасы зор. Қазір ағылшын тілі — Еуропа, Америка, Аустралия және Шығыс елдерінің бір бөлігі сөйлейтін ең танымал тіл. Көңіл көтеру индустриясы АҚШ-та өте жақсы дамыған және сапалы музыка мен кино осы елден ағылшын тілінде шығып жатады. Сонымен бірге ағылшын тілі интернет тіліне айналды. Барлық компаниялар шет елдермен жұмыс жасаған кезде сайтының міндетті түрде ағылшын тіліндегі нұсқасын жасайды. Егер сіз ағылшын тілін меңгерсеңіз сізге қандай мүмкіндіктердің ашылатынын ойланып көріңіз.
Көп адамдар шет тілін үйренгісі келгенімен олардың алдыннан кедергі шығып жатады.Себебі олар келесі ойларды ұстанып шет тілін үйрену қиын деп ойлайды.
1. Шет тілін үйрену өте қиын.
2. Тіл үйренуге деген ерекше қабілетің болуы керек.
3. Өзіңе қажетті тілді үйренгің келсе, сол тілде сөйлейтін елде тұру міндетті.
4. Тек қана кішкентай балалар шет тілін тез және жақсы үйрене алады.
5. Шет тілін үйрену үшін керемет жағдай керек. Отырған бөлмең жақсы болуы керек.
6. Мен шет тілін үйренер едім тек менің оған уақытым жоқ.
Осы қателіктерге бой алдырмай ағылшын тілін үйренуге талпыныс жасасаңыз, тез әрі жылдам үйренуіңізге толық мүмкіндік бар.
Самурат Н.