«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл мерейі

02.05.2019

     Оқушылар арасында аудандық «Тіл мерейі» прозалық шығармаларды мәнерлеп,  жатқа оқу сайысы өтті. Бұл сайысқа аудан мектептерінен 18 оқушы қатысты. Оқушылар прозалық шығармалардан үзінді жаттап келіп, мәнерлеп айтып берді. Ең бастысы ол шығарма мектеп бағдарламасынан тыс болуы керек. Біздің мектептен үш оқушы қатысты.  Олар: 5-сынып оқушысы Қапеш  Гүлзат, 6-сынып оқушысы Бекболат  Мөлдір, 8-сынып оқушысы  Амангельдинов Әділжан. Әділ қазылардың шешімі бойынша үш жүлделі орын тағайындалды. 3-орын Лозовое  орта мектебінің 4-сынып оқушысы Әлиев  Әділбек, 2-орын Терісаққан негізгі мектебінің оқушысы  Кәрімжанова Бекзат, 1-орын Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің 8-сынып оқушысы  Амангельдинов  Әділжан иеленді. (жетекшісі Садвакасова Г.С.). Барлық  қатысушыларға белсене қатысқаны үшін Сертификат берілді.

Садвакасова Г.С.

Просмотров: 349


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст