Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
2019 жылдың 24 сәуірінде Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде үлкен аудандық іс шара өткізілді. «Үздік педагог-2019» сайысына ауданымыздың мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысып, өз шеберліктері мен шығармашылықтарын көрсетіп, бақ сынасты.
Конкурстың мақсаты педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтарға сыйақы беру болып табылады.
«Үздік педагог-2019» сайысының ережелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес әзірленіп, келесі кезеңдер бойынша бағаланды:
1. «Менің кәсіби ұстанымым» педагогтың өзін-өзі таныстыруы (7 минут).
2. Шеберлік сабағы (20 минут). (жеке кестеге сай ,бұрын өткізіледі.) 24 сәуір күні педагог өткізген шеберлік сабағының талдамасын ұсынды. (5 минут)
3. Мұғалімнің шығармашылық зертханасы (конкурсант қызметінің көркем бейнеленуі, авторлық, ғылыми-әдістемелік сабақ әзірлемелері, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және т. б. пән бойынша сыныптан тыс, сабақтан тыс жұмыс туралы фото-бейне материалдарды көрсету) (7 минут).
4. Эссе «Мен заманауи ұстаз».
5. Портфолио.
Зал лық толы... Өз кәсіби шеберлігі мен ұстаздық іс-тәжірибесін, шеберлігін көрсетіп, бақ сынасуға келген ұстаздар, қатысушалырды қолдап, жанкүйер болып келген ұжым ұстаздары мен оқушылар, әділ баға беруге дайын отырған әділ қазылар алқасы – бәрі жиналып, жыл сайын өткізілетін «Үздік педагог» сайысының басталуын ерекше сезіммен күтуде. Себебі, әр педагогтың қаншама күндер мен түндерді дайындалумен өткізіп, әр қайсы өз шеберлігін көрсеткісі келеді...
Міне, жарқыраған шамдардың шарығымен, ақ пен алтын түспен безендірілген салтанатты сахнаға салтанатты көңіл-күймен екі жүргізуші шығып, сайыстың ашылу салтанатын өткізіп, қатысушыларды сахна төріне шақырды. Сахнаға шыққан әр қатысушы ерекше әсем, ерекше салтанатты, ерекше сәнді, бірақ бәрінің мақсаты бір – сайыста «Үздік педагог» атану. Сол үшін олар бүгін бар өнерін, бар білімін, бар шеберлігін көрсетеді.
Бірінші кезеңде әр қатысушы «Менің кәсіби ұстанымым» атты тақырыпта өзін өзі таныстырып, өздерінің шеберлігі мен фантазиясын, өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен оқушылар мен мұғалімдер арасындағы беделін көрсетіп, көрермендер мен әділ-қазылар алқасын тәнті қылды.
Ал екінші кезеңде, әр конкурсант өзінің қызметінің көркем бейнеленуі, авторлық, ғылыми-әдістемелік сабақ әзірлемелері, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және т. б. пән бойынша сыныптан тыс, сабақтан тыс жұмыс туралы фото-бейне материалдарды көрсету арқылы, және де заманауи тұрғыда безендірілген көрмелері өз ісінің шебері, нағыз шебер педагог екендігін әр қатысушы дәлелдей білді деп ойлаймын.
Осы сайысқа қатысқан ауданымыздың әр мектебі, әр қатысушы– педагог үлкен жауапкершілікпен, үлкен дайындықпен келді. Әр қайсы «Үздік педагог» болуға лайық. Бірақ сайыс болғандықтан, жіңімпаз анықтауы керек, сондықтан үлкен жауапкершілік пен әділдікті ұстанған әділ-қазылар алқасының қорытындысы жария етіліп, жарқыраған сахнада жеңіске жеткен мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері дипломдар, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» конкурсының жеңімпаздары:
Гран-при иегері – Адильшинова А.К., Жақсы №1 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;
1-орын – Досанова Е.А., Терсаққан негізгі мектебінің қазақ тілі және әдібиеті пәндерінің мұғалімі;
2-орын – Ишамбекова Ф.Р., Жақсы № 2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
3-орын – Аширханова Б.К., Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
3-орын - Тургунбаева А.Е., Лозовое орта мектебінің қазақ тілі және әдібиеті пәндерінің мұғалімі;
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» конкурсының жеңімпаздары:
1-орын - Лукьяненко Ю.В., «Дән» балабақшасының тәрбиешісі;
«Үздік шығаршашылық» номинациясы - Алиева А.У., Қ.Өскенбаев атындағы Қима ОМ жанындағы "Аққу" шағын орьалығының тәрбиешісі;
«Балаларға берілген жүрек» номинациясы - Филонова В.М., «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі.
Жеңіске жеткен педагогтарымыз бен тәрбиешілерімізді құттықтаймыз!!!
Сыздыкова Б.А.