«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БАЛДӘУРЕННЕН АЛҒАН ӘСЕРІМ!

06.05.2019

   Ағымдағы жылдың мамыр айының 2-4 аралығында Көкшенің табиғаты тамаша жерінде орналасқан «Балдәурен» сауықтыру орталығында «Ұлы дала жастары рухани жаңғыру жолында» III Республикалық жас патриоттар форумы өтті. Біздің мектебімізден 9-сынып оқушысы Жакен Аннұр Ерланұлы қатысты. Мамырдың 2-сі күні Республикамыздың тұс-тұстан келген оқушылар сауықтыру орталығына қабылданды және «Ұлы дала ұрпағы – жасай берсін мәңгілік!» атты патриот көшбасшыларды топтастыра отырып, топтық жұмысты жоспарлау жұмысымен басталып кетті. Әр отрядқа «Мен – Патриотпын!»тақырыбында тапсырма беріліп,  өз газеттерін дайындады. Кешкі шам мезгілінде «Форумның бірінші күнін қалай өткіздім?»деген тақырыпта отрядтар жұмыс жасады.

3-мамыр күні оқушылар түрлі ойындаар мен флешмобтарда қатысты. Сағат 11- кезінде форумның салтанатты ашылуы өткізілді. Форумға Вицце Министр Элмира Суханбердиева, қазақтың ғарышкері Айдын Айымбетов және Ресейден келген қонақтар қатысып, әнші Тамара Асар оқушыларды құттықтап, өзінің «Қазақстан» және «Бейбітшілік сақталады» әнін сыйлады. Оқушылар Элмира Суханбердиева мен Айдын Айымбетовке көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын ала алды.  Интерактивті диалог : Үш орталықпен онлайн байланыс ұйымдастырылды. Алматы Қапшағайда, Түркістан облысында өткізіліп жатқан форуммен тікелей байланыс жасалынды.Ресей Федерациясынын келген қонақтар «Орленок» те жасалыныған жұмыстарын көрсетті. «Шын жүректен»Акциясы әр облыстан  екі бала қарттар үйіне, қайта оңалту мен қоғамға бейімдеу отаралықтарына концерттік номерлерімен барып қайтты. Патриоттар трибунасы «Ел болашағы – біздің қолымызда» әлеуметтік жобалар  және патриоттың жұмысы жайлы презентациясын көрсетілді. Жакен Аннұр өзінің «Мен Қазақстаныммен мақтанамын» өлеңін оқып берді.  Кешкі астан кейін «Жастар» педагогикалық отрядының концерттік номерін тамашалады.  «Күш – бірлікте!»мерекелік би «Жалында жастар алауы!» атты костер , от шашумен жалғасты.

 Мамырдың 4-і күні «Біз – ұлы дала ұрпағымыз» форум қатысушыларының флешмобымен басталды. Жас патриоттардың «100 ағаш» акциясы Патриоттар Аллеясының ашылуына қатысты. QR  код бойынша «Ұлы даланың жеті қыры» атты Квест ойыны өтті. Қорытынды құттықтаумен аяқталды. Әр оқушы мен ұстаздарға Форум қатысушысы деген Сертификат берілді.Мен, бұл форумнан  еліміздің жастарының өте білімді, талапты, талантты екеніне көз жеткіздім. Әр бала қайталанбас тұлға ретінде танылды. Болашақ жастардың қолында екеніне сенемін. Сөздері нық, мақсаттары айқын, талаптары таудай жастарды көріп өте құанышты сезіммен оралдым. Келешекте Аннұрмен бірге  «Жас патриоттар» клубын ұйымдастырып, қарттарға, мүгедектерге, жалғызбасты отбасыларға көмектесетін ұйым құруға бел байлап кірісеміз деп шештік.

Байдиллаева  Патима Кабилбековна

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст