«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз – үздіксіз білім беруші

13.05.2019

    Мектеп білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп –тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие категориясының маңыздылығы сондай , болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана Адам болып қалыптасады. Тәрбие мен білім ұйытқысы- ұстаз. Ұстаздардың алдында тұрған ауқымды мақсат – білім дӛрісі биік, рухани ойлау дәрежесі жоғары, парасатты, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақты оқытып тәрбиелеу және жаңа техника жетістіктерін толық игерту. Қазіргі таңда еліміздегі оқу- тәрбие жұмысына байланысты жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта құруды міндеттеп, өркениетті прогресшіл бағыттағы адамгершілік қасиеті мол, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Білім беруде әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне деген сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына мүмкіндік жасау. Тәрбие мәселесі – адам баласының ғұмырында көнермейтін, ажырамайтын баға жетпес құндылық. Осы орайда тәрбие туралы М.Габдуллин ағамыздың «Тәрбие – дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған қырымен сыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс» деп айтқан пікірі ӛсте орынды деп ойлаймын. Бүгінгі оқушы, кешегі біздің кезіміздегі оқушы емес, олар өмірде, айналада болып жатқан өзгерістің бәрін білгісі келеді. Сондықтан шәкірттермен тек тиісті пәндік қатынас, бірыңғай оқу орнының ережесі оқушыны тез жалықтырады, оқу-тәрбие процесінде еңбек, демалыс, өздерінің көңілдері қалаған жарамды іс-әрекеттер де сіңірілуге тиіс. Бұрын кеңес кезеңінде білім беру арқылы тәрбиелеу ретінде қарастырылса, енді тәрбие кеңістігінде білім беру деген ұғым маңызды, оған Әбу Насыр бабамыз айтқан «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген қағидасы дәлел. Елбасымыз білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сьезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, оларды мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстаздар қауымына жүктелетін міндет де ауыр» деген болатын Егемен Қазақстанның өркенниетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін еркін ойлау мен білімділігін арттыру қажеттілігі бүгінгі таңда туындап отырғаны белгілі. Жалпы білім беретін мектеп – баланы өмірге жетелеуші бағбан. Адам өміріндегі негізгі байлық – денсаулық, ал еліміздің ертеңі саналы азаматтарын тәрбиелейтін ұстаздардың да денсаулығы басты назарда болуы шарт. Бұл орайда мұғалім өз жұмысын жандандырып істеуіне мектептегі психологиялық ахуал мен мұғалімнің рухани дамуы ерекше әсер етеді. Ол үшін мен мына қағидаларды ерекше ұстанамын ·Сыныпта қалыпты психологиялық ахуал орнатамын; ·Ұстаздың мақсаты – адамды қалыптастыру; · Әр баланың өмір тіршілігі – өзінше бір тағдыр; · Әр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы, оны сол үшін сыйлаймын; Ол үшін мұғалім: - кәсіби біліктілігі жоғары; - үздіксіз білімін көтеретін; - ой өрісі кең; - әдістемелік шеберлігі басым; - жеке тұлғаны қалыптастыратын; - шығармашыл тұлға дайындайтын ерекше қабілет иесі болуы керек. «Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген екен Жан Жак Руссо.

Аширханова Б.К.

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст